“UMC” корпоративтік қоры халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растап, JCI аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті | Корпоративный фонд "University Medical Center"

“UMC” корпоративтік қоры халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растап, JCI аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті

JCI аккредитациясы – әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы ең әділ және беделді халықаралық сертификаттау болып саналады. Оны сапаның “алтын стандарты” деп те атайды. Медициналық ұйымның халықаралық деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ететін талаптарға сәйкестігін растайды. Бүгінгі таңда әлемде JCI стандарттары бойынша 800-ден астам аурухана аккредиттелген.

Аккредиттеу рәсімі 1300-ден астам стандарттардың талаптарына сәйкестікті тексеруге негізделеді.

“UMC” корпоративтік қорына JCI сертификаты халықаралық беделді инспекторлар жүргізген жіті тексерулерден кейін ғана берілді. Аудиторлар клиникалық бөлімшелер, талдау рәсімдері және медициналық тәжірибелерден бөлек пациенттер мен аурухана қызметкерлері қарамағындағы инфрақұрылымдар мен нысандарды, оның ішінде көлік тұрағын, қызметтермен қамтамасыз ету жүйелерін, сондай-ақ зертханаларды, дәріханаларды мұқият қарап, тексеріп шықты.

“University Medical Center” корпоративтік қоры пациенттерге арналған қызмет сапасы мен қауіпсіздігінің ең жоғары халықаралық талаптарына сәйкес келетін дәлелдеген әлемдегі ең үздік денсаулық сақтау ұйымдарының бірі саналады.

“University Medical Center” корпоративтік қорының JCI халықаралық аккредитациясына ие болуы оның жоғары сапа стандарттары мен емдеу қауіпсіздігіне жауап беретінін растайды. Бұл өз кезегінде ел азаматтары мен шетелдіктерге жоғары сапалы медициналық қызметтер ұсынылатынын көрсетеді.

Запись на кт/мрт