Өңірлердегі ҚОР КҮНДЕРІ | Корпоративный фонд "University Medical Center"

«UMC» КҚ жоғары білікті мамандары өңірлерге барып, көмек көрсетеді.

«UMC» корпоративтік қорының жоғары білікті мамандары 2021 жылғы 5-мамыр мен 24 маусым аралығында республика өңірлеріне сапарлармен барып, жергілікті мамандарға тәжірибелік және әдістемелік-консультациялық көмек көрсетеді. Жоғары мамандандырылған көмекке мұқтаж науқастарды қабылдайды. Шеберлік сабақтарын өткізіп, жергілікті емдеу мекемелерінде күрделі операциялар жасайды.

Шараның мақсаты – өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын арттыру және жоғары мамандандырылған көмектің тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыру.

Ең алғашқы болып құрамында гинеколог Гаури Билаханқызы Бапаева, хирург Дамир Болатұлы Дженалаев, ортопед Болат Әбікенұлы Нағыманов, педиатр Асылбекова Майкеш Қуантайқызы және онколог Забира Нұрахметқызы Қыздарбекова сияқты жоғары білікті мамандар кіретін «UMC» КҚ дәрігерлер тобы 2021 жылғы 5 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемлеріне барады.
Ары қарай өз саласының майталман мамандарынан жасақталатын «UMC» КҚ дәрігерлер тобы мамырдың 12-14 күндері Атырау облысына, 19-21 мамырда Ақтөбе облысына, 26-28 мамыр күндері Маңғыстау облысында, маусым айының 1-3 күндері Ақмола облысында, 2-4 маусымда Батыс Қазақстан облысында, 8-10 маусымда Павлодар облысында, маусымның 9-11 күндері Солтүстік Қазақстан облысында, 16-18 маусым күндері Қостанай облысында, 23-24 маусымда Түркістан облысы мен Шымкент қалаларына барады.
Осындай сапарлардың нәтижесінде өңірлік дәрігерлер өз салалары бойынша озық технологияларды меңгеріп, түрлі ауруларға қарсы күресті тиімді жүргізіп, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі арта түседі.

«UMC» корпоративтік қоры академиялық медициналық орталық ретінде денсаулық сақтау саласындағы озық технологияларды өңілерге трансферттеу жұмысын болашақта да жалғастыра береді.

Запись на кт/мрт