Операциялық блогы бар Балалар анестезиологиясы, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің Анестезия және қарқынды терапия Клиникалық-академиялық департаменті дәрігерлерінің (бөлімше меңгерушісі А. И.Сапаров, З.С.Тобылбаева, В. Г. Сазонов, диализ дәрігері С. Е. Исаков, О. А. Миронова, Г. Т. Каматаева, Е. К. Какенов, б. М. Мұратбекова, Б. П. Жүсіпов) «НА 230, 330 абсорберлері бар гемоперфузия әдісімен онкологиялық аурулары бар балалардағы жоғары дозалы химиотерапиядан кейін метотрексаттың уыттылығын төмендетудің жаңа әдісі» жобасы ҚР БҒМ-нің 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық жобаларды қаржыландыруға арналған грантын жеңіп алды.
Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл зерттеу қандағы метотрексаттың уытты әсерін азайтуға мүмкіндік береді және онкологиялық бейіндегі пациенттердің тірі қалу мүмкіндігін арттырады.
Бұл жоба метотрексат концентрациясының жоғарылауы салдарынан ауыр химиотерапиядан кейін балалардағы қанды экстракорпоралдық тазарту саласында білім мен практика диапазонын кеңейтуге мүмкіндік беретін инновациялық мақсат пен жаңа әзірлемелерден тұрады.
Әлемде алғаш рет НА 230, 330 абсорберлердің көмегімен гемоперфузия арқылы асқынуларды кешенді емдеудің ғылыми идеясының негіздемесі және талдап тексеруі ұсынылады. Жоба сарапшылардың 43,18 ұпайымен жоғары бағасын алды және 150-ден астам қатысушылардың тізімінде 13-ші орынға иеленгенін атап өткен жөн. Зерттеу нәтижелері КОКСОН жарияланымдарында, шетелдік рецензияланған басылымдарда, конференция материалдарында көрсетілетін болады.