Сіздерге 2021 жылғы 9 наурыз күні «UMC» корпоративтік қоры ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде қайта аккредиттеуден сәтті өткенін хабарлаймыз. Алғаш рет UMC корпоративтік қоры 2016 жылы аккредиттеуден өтті.
Біздің ұйым аккредиттеу туралы куәлікті соңғы 5 жылда ғылыми-зерттеу қызметін бағалау нәтижелері негізінде алды, әрі бұл куәлік «UMC» КҚ-ға ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді.
Куәлік – «UMC» КҚ-ның ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ұлттық стандартқа сәйкестігінің ресми растамасы, сонымен қатар қызметкерлердің ғылыми құзыреттілігінің, олардың білім деңгейінің көрсеткіші және біздің ұйымның ғылыми-зерттеу қызметінің сапасы болып табылады.