«UMC» корпоративтік қорының ұжымы баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл – халқымыздың ғасырлар бойғы үкілі үміті үстем болып, еліміздің еркін дамуына айқара жол ашылған қастерлі мереке. Тәуелсіздік жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салмақты да салиқалы саясатының арқасында Қазақстан серпінді дамып, әлемдегі абыройы асқақ, беделі биік елге айналды. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына әр азаматтың сүбелі үлесі бар. Болашақта Қазақстанның алар асуы мен шығар шыңы одан да биік боларына үмітіміз зор, сеніміміз кәміл.
Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат-қуат, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз.
Жылдан жылға басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Бейбітшілік мен Ұлттық бірлігіміз нығая берсін!
