Республикалық диагностикалық орталықта жаңа ПТР-зертхана ашылды | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Нұр-Сұлтан қаласындағы «UMC» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығында коронавирустық инфекцияны зерттейтін жаңа ПТР зертхана ашылды.

Мұндай зертхананың ашылуы COVID 19 індетімен күресте маңызды қадам саналады. Өйткені, ПТР-тестілеу арқылы адам ағзасында вирустың бар-жоғы анықталады. Және ол диагнозды зертханалық растау үшін қажет. Биоматериал ретінде жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жерінен алынатын жұғынды пайдаланылады.

Сараптама құны 14 мың теңге, материалды алу 1 мың теңге.

ПТР тестілеу үшін «UMC» корпоративтік қорының umc.org.kz сайтында сауалнама толтыру керек.

Сосын Байланыс орталығының мамандары хабарласып, пациентті зерттеуге жазады.

Республикалық диагностикалық орталығы ғимаратында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталған. Өзге науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін зертханаға бөлек есіктен кіреді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері үшін барлық тиісті қорғаныс шаралары қарастырылған.

«UMC» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығының зертханасы Қазақстандағы ең ірі зертханалардың бірі екенін айту керек. Онда зертханалық диагностиканың түрлі бағыттары бойынша 600-ден астам зерттеулер жасалады.

Зертхана ISO 15189:2012 «Медициналық зертханалар. Құзыретке арнаулы талаптар» халықаралық стандартарына сәйкес келетіні туралы аккредитациядан өткен.

Запись на кт/мрт