Денсаулық – барлық адамдар үшін ең үлкен құндылық.
Міндетті медициналық сақтандыу – Қазақстанда 2017 жылғы ең басты енгізілген жаңашылдықтың бірі болды. Егер бұрын көптеген жылдар бойы медициналық сақтандыру ерікті сипатта болса, қазір Қазақстанда міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуі орасан зор өзгерістерді алып келеді.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) іске асыру басталды. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Бұл ретте МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде пациент медициналық қызметтердің көлемі мен құнын шектемейді.
МӘМС жүйесінің қазақстандық моделі әлеуметтік бағдарланған болып табылады. Яғни, халықтың 15 жеңілдік санатындағы 11 млн-ға жуық азаматқа мемлекет жарна төлейді.
Екі пакет бар: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), оларға сәйкес адамдар медициналық көмек ала алады.
Мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес оған келесі қызметтер кіреді:
– Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек (санитариялық авиацияны, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына алып келетін аурулар кезінде ұтқыр бригаданың қызметтерін қоса алғанда).
– Емханаларда қызмет көрсету (кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару, халықтың нысаналы топтары үшін скринингтер, жүктілікті бақылау, профилактикалық егулер).
– Диагностика және емдеу:
- әлеуметтік маңызы бар аурулар (туберкулез, АИТВ және т. б.)
- созылмалы аурулар (қант диабеті, артериялық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т.б.).
– Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда медициналық көмек (оның ішінде айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды оқшаулау кезінде).
– Мамандандырылған көмек көрсету кезінде, сондай-ақ қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, белгілі бір аурулар мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтардың санаттары дәрі-дәрмектерді тегін ала алады.
ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша толық ақпаратпен adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000672#z56 сілтеме бойынша танысуға болады
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмекке кеңейтілген қолжетімділік алады.
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес МӘМС пакетіне келесі медициналық қызметтер кіреді:
- амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде:
- профилактикалық медициналық тексерулер;
- бейінді дәрігерлердің учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша қабылдауы мен консультациясы;
- бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;
- уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
- диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика (УДЗ, рентген, КТ, МРТ).
- мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық медициналық көмек (жоспарлы және шұғыл нысанда, оның ішінде тәуліктік стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу));
- медициналық оңалту.
- стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Амбулаториялық жағдайларда белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган бекітетін медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.
МӘМС пакеті шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер бойынша толық ақпаратпен сіз мына сілтеме бойынша adilet.zan.kz/rus/docs/P1900000421 таныса аласыз
«МӘМС туралы» Заңға сәйкес adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000405 жарналарды ай сайын төлеу қажет. Бұл ретте 2020 жылдың қаңтарынан бастап соңғы 12 айда төлемдердің болмуы маңызды. Егер олқылықтар болған жағдайда «сақтандырылған» мәртебесі берілмейді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін ел тұрғындары «қашан төлеу керек?», «Кімге төлеу керек?», «Қанша төлеу керек?», «Қалай төлеуге болады?», «Не үшін төлеу керек?».
Сонымен, МӘМС кім және қалай төлейді.
Міндетті медициналық сақтандыу – Қазақстанда 2017 жылғы ең басты енгізілген жаңашылдықтың бірі болды. Егер бұрын көптеген жылдар бойы медициналық сақтандыру ерікті сипатта болса, қазір Қазақстанда міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуі орасан зор өзгерістерді алып келеді.
Мемлекет тегін медициналық көмекке кепілдік береді (ТМККК):
- Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация.
- Уәкілетті орган тарапынан айқындалған тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін сырқаттар кезінде, сондай- ақ Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін, оның ішінде алғашқы көмек; медициналық- санитариялық алғашқы көмек маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасымен консультациялық- диагностикалық көмек қамтылатын амбулаториялық – емханалық көмек.
- Стационарлық көмек: Уәкілетті орган тарапынан айқындалған тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін сырқаттар кезінде, – ауруханаға жатқызудың жоспарланған санының шеңберінде медициналық- санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; шұғыл көрсетілімдер бойынша –жолдаманың бар- жоғына қарамастан.
- Медициналық- санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, уәкілетті орган тарапынан айқындалған тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін сырқаттар кезінде көрсетілетін стационарды алмастыратын көмек.
- Профилактикалық екпелер.
МӘМС-ға енеді:
- Амбулаториялық – емханалық көмек (уәкілетті орган тарапынан айқындалған тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін сырқаттар кезіндегі медициналық көмекті қоспағанда), мыналар қамтылған: мадициналық- санитариялық алғашқы көмек, медициналық- санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша консультациялық- диагностикалық көмек;
- Дәрігердің рецепті бойынша амбулаторлық деңгейде дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету;
- Стационарлық көмек (уәкілетті орган тарапынан айқындалған тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін сырқаттар кезіндегі медициналық көмекті қоспағанда): ауруханаға жатқызудың жоспарланған санының шеңберінде, алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялық медициналық қызметтер де кіреді; шұғыл көрсетілімдер бойынша –медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медицина ұйымының жолдамасының бар-жоғына қарамастан;
- Стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізім бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін сырқаттар кезінде көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда)- медициналық- санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медицина ұйымының жолдамасы бойынша.
Науқас құқығын қалай қорғай алады?
Қордың басты міндеттерінің бірі – науқас құқығын қорғау. Сондықтан Қор мамандары медициналық көмектің сапасын бақылайды, сонымен қатар оны көрсетуден бас тартудың себептерін тексереді.
Азаматтар медициналық ұйымдарда қызмет алу кезінде қиындықтарға тап болғанда, көбінесе өз құқықтарын қорғау үшін қайда бару керектігін білмейді.
1-әдіс. Науқастарды қолдау қызметі.
Уақытты жоғалтпай, медициналық қызмет көрсетуді бақылау және жағдайды сол жерде шешу үшін арнайы құрылған науқастарды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
* бұл қызмет барлық медициналық ұйымдарда жұмыс істейді
Әр емханада бұл қызмет:
- медициналық көмектің ішкі бақылауын жүргізеді
- медициналық қызмет көрсету кезіндегі бұзушылықтарды анықтайды
- өтініштер мен шағымдарды қарау мәселелерімен айналысады
2-әдіс. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының байланыс орталығына хабарласыңыз.
Барлық медициналық ұйымдар денсаулық сақтау басқармасына бағынады, сондықтан сіз тікелей басқарма байланыс орталығына хабарласу арқылы өз мәселеңізді шеше аласыз.
3-әдіс. «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы
«Qoldau 24/7» қосымшасына байланысқаннан кейін әлеуметтік сақтандыру Қорының мамандары:
- медициналық ұйымға хабарласады
- ақпаратты анықтайды
- медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін тексереді
* Өтінішіңізге нөмір беріледі, сол арқылы шағымның мәртебесін бақылай аласыз
4-әдіс: Telegram-дағы SaqtandyryBot.
- Telegram-нан «SaqtandyryBot» тауып, оны іске қосыңыз
- Бас мәзірден «1406 нөміріне өтініш жіберу» пәрменін таңдаңыз.
Өтініш жіберу: | Өтініш тарихы: |
Аймақты, медициналық ұйымды, өтініш себебін көрсетіңіз | Құрылған өтініш мәртебесін тексеруге рұқсат беру |
5-әдіс. 1406 бірыңғай байланыс орталығы
- тәулік бойы қоңырауларды қабылдайды
- сұрақтарды өңдеу үшін арнайы құрылған үш деңгейлі модель бойынша өтініштерді қарастырады:
- Бірінші деңгей – кеңес беру сипатындағы сұрақтар
- Екінші және үшінші деңгей – егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер
- Қор мамандары медициналық ұйымға хабарласады, түскен ақпаратты анықтап, медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін тексереді
6-әдіс: fms.kz сайтындағы «Халықтық бақылау» бөлімі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының сайтына кіріп, өтініш беріңіз:
- fms.kz сайтына өтіңіз
- «Халықтық бақылау» бөлімін ашыңыз
- Тапсырманы таңдаңыз: шағым немесе ұсыныс қалдырыңыз.
Шағым қалдыру: | Ұсыныс қалдыру: |
Аймақ, емхана, диагноз, тексеру күні, ЖСН көрсетіп, шағым сбебін таңдаңыз | Бастапқы мәліметтерді толтырып, мәтінді тұжырымдау қажет |