UMC медицина бойынша Докторантураны 5 жылдық ресми аккредитациямен іске қосады | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Соңғы бірнеше жыл бойы біз докторантура бағдарламасын іске қосуға жүйелі түрде дайындалдық. Жазда біздің бағдарлама жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының Мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
17–19 қараша аралығында біз Еуразиялық аккредиттеу және білім сапасын қамтамасыз ету орталығының сыртқы сараптамалық бағалауынан өттік. Тексеру нәтижесінде UMC Қазақстандағы алғашқы медициналық ұйым болып, докторантура бағдарламасы бойынша 5 жылдық аккредитация алды.

UMC медицина бойынша докторантурасы — магистр дәрежесі және резидентураны аяқтаған мамандарға арналған 3 жылдық күндізгі оқу формасындағы бағдарлама. Бағдарлама дербес ғылыми жұмыс жүргізе алатын дәрігер-зерттеушілерді даярлауға бағытталған.

Бағдарлама клиникалық практиканы, зерттеу қызметін, жарияланымдарды, конференцияларға қатысуды және тағылымдамаларды қамтиды — мемлекеттік талаптарға толық сәйкес келеді және PhD қорғауға, әрі қарай академиялық мансапқа қажетті құзыреттерді қалыптастырады.

Біз жетекші шетелдік университеттердің халықаралық бағдарламаларын зерделеп, төрт негізгі қағидатты анықтадық:
1. Барлық рәсімдердің толық ашықтығы және айқындығы
2. Әрбір талапкер үшін тең қолжетімділік
3. Тестілеу немесе сұхбат нәтижелері бойынша конкурстық іріктеу
4. Жынысына, жасына, ұлтына, тіліне, әлеуметтік жағдайына немесе көзқарасына қатысты кез келген кемсітушілікке жол бермеу

Бұл қағидаттар әділ және объективті іріктеу жүйесін қалыптастырады.

Біз қабылдауға қатысты ГОСО талаптарын ескердік, онда магистратура мен резидентураның болуы міндетті. Алайда халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, қабылдау критерийлерін жеңілдетуді ұсынамыз:
міндетті талап ретінде Қазақстанның жоғары медициналық білімі немесе НУ медициналық мектебі мен шетелдік университеттердің* дипломы болады (мәселе ҒЖжКМ-де талқылауда).

Сондай-ақ академиялық талаптар енгізіледі: кемінде 3 жыл клиникалық тәжірибе және ғылыми бэкграунд — зерттеулерге қатысу және Q1–Q2 журналдарындағы жарияланымдар.

📅 Талапкерлерге арналған алдын ала ақпарат
Алдын ала іріктеу: 1 ақпан — 31 мамыр
Құжаттарды қабылдау: 3 шілде — 3 тамыз
Қабылдау емтихандары: 4 — 20 тамыз
Оқуға қабылдау: 15 — 28 тамыз

Запись на кт/мрт