Ақпараттық- ресурстық орталық | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Ақпараттық- ресурстық орталық

«University Medical Center» корпоративтік қорының Ақпараттық-ресурстық орталығына қош келдіңіз!

Мақсат

Қордың бейіні мен оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және көбейту, анықтамалық -библиографиялық аппарат пен дерекқорларды үздіксіз жетілдіру, оқырмандардың әдебиетке деген қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында кітапханалармен, ғылыми -техникалық ақпарат органдарымен және басқа да мекемелермен қызметті үйлестіру және олармен серіктестікте болу.

АРО- ның негізгі міндеттері

Оқырмандардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес оларды әдебиеттермен толық әрі жедел кітапханалық- библиографиялық тұрғыда қамтамасыз ету;

Факультеттердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес Бөлім қорын қалыптастыру;

Кітапханадағы кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету;

Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.

Қызметі

Ақпараттық -ресурстық орталықтың негізгі қызмет бағыттары:

Қордың инновациялық даму қажеттілігін қамтамасыз ету;

жиналған ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорын қалыптастыру және тиімді пайдалануын ұйымдастыру;

олардың сақталуын қамтамасыз ету,

пайдаланушыларға қызмет көрсету жүйесін жетілдіру;

кітапхана қоры мен ақпараттық ресурстарды насихаттау,

электрондық ресурстар қорын қалыптастыру.

Ақпараттық -ресурстық орталық төмендегі бөлімдерді қамтиды:

Қызмет көрсету бөлімі

Абонемент

Оқу залдары және электрондық залдар

Оқу залдарындағы орындардың жалпы саны — 64.

Ақпараттық-ресурстық орталық – бұл кітапхананың заманауи форматы.

1 – Ақпараттық-ресурстық орталық – «Жүрек орталығы»

 2 – Ақпараттық-ресурстық орталық – «Ана мен бала орталығы»

Бүгінгі күнге дейінгі жалпы кітап қоры – 6619 бірлік, қағаз және электрондық тасымалдағыштарда.

Қордың негізгі бағыттары:

  1. Кардиология
  2. Кардиохирургия
  3. Радиология
  4. Анестезиология және реаниматология
  5. Аллергология және иммунология
  6. Акушерство және гинекология
  7. Балалар хирургиясы
  8. Медициналық генетика
  9. Неврология
  10. Неонатология
  11. Нефрология
  12. Онкология және гематология
  13. Оториноларингология
  14. Офтальмология
  15. Патологиялық анатомия
  16. Педиатрия
  17. Ревматология
  18.  Травматология – ортопедия
  19. Урология және андрология
  20. Жақ- бет хирургиясы
  21. Эндокринология

Байланыс деректері

Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Тұран даңғ., 38

UMC «Жүрек орталығы»

Тұран даңғ., 32

UMC «АмБО»

эл. пошта: zh.zhakupbayeva@umc.org.kz

тел: +7 (7172) 70 31 03 (ішкі 637)

тел: +7 (7172) 70 44 82 (ішкі 1020)

Ақпараттық-ресурстық орталықтың жұмыс уақыты:

  • Дүйсенбі – Жұма: 8:00 – 17:00
  • Сенбі– Жексенбі: демалыс