Қазақстан акушер-гинекологтарының конгресі | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2025 жылдың 17–18 қазаны күндері Астанада Қазақстан акушер-гинекологтарының конгресі өтті.

Конгресс аясында әйел денсаулығының барлық кезеңдеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шара барысында акушерлік-гинекологиялық қызметтің негізгі даму бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда:

  • Қазақстандағы акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру;
  • жүктілікке дейінгі (предгравидарлық) дайындық;
  • перинатологияның өзекті аспектілері;
  • экстрагениталды патология және жүктілік;
  • акушерлік тәжірибедегі шұғыл жағдайлар;
  • ұрық медицинасы;
  • балалар және жасөспірімдер гинекологиясы;
  • гинекологиялық эндокринология мәселелері.

Конгресс барысында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында ана мен бала денсаулығын қорғау саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгені атап өтілді.

Атап айтқанда, нәресте өлімі 6,5 есеге, ал ана өлімі 4,5 есеге төмендеді. Бүгінде елімізде 22 ұрықты қорғау орталығы және 18 біркүндік клиника жұмыс істейді. Алматы мен Астанада ұрық медицинасы мен феталдық хирургия бағыттары белсенді дамуда.

Конгреске жетекші медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, клиникалардың, кәсіби және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, UMC Ана мен бала орталығының мамандары дәрістер мен баяндамалар жасап, форум аясында фетоскопиялық операциялар өткізді.

Бұл маңызды шара әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау саласындағы тәжірибе алмасу, инновациялық тәсілдерді талқылау және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға арналған тиімді алаңға айналды.

Конгресс ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, жоғары кәсібилігі және Қазақстандағы акушерлік-гинекологиялық қызметтің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Запись на кт/мрт