«Bambino Gesù» балалар ауруханасы (Ватикан) делегациясының сапары | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2025 жылғы 16–17 қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Рим (Ватикан) қаласындағы «Bambino Gesù» балалар ауруханасының делегациясы президент мырза Тициано Онести бастаған құрамда келді.

Сапардың мақсаты – Ана мен бала орталығы кіретін – Қазақстандағы ең ірі медициналық кластер University Medical Center (UMC) мекемесімен ынтымақтастықты дамыту. Кездесу қорытындысы бойынша, бұрын жасалған өзара түсіністік туралы меморандумды кеңейтетін Ниет туралы декларацияға қол қойылды.

Құжат стратегиялық маңызды бағыттарда бірлескен бағдарламаларды бастауды көздейді:

  • балалардағы эпилепсия мен аутизмді диагностикалау және емдеу;
  • трансплантологияны дамыту;
  • педиатриялық онкогематология саласында ынтымақтастық;
  • сирек кездесетін ревматологиялық ауруларды, аутовоспалдық синдромдарды диагностикалау және емдеу;
  • туа біткен иммундық жүйе ақауларын диагностикалау және емдеу;
  • балалардағы тромбофилия мен тромбоцитопатияны диагностикалау және емдеу;
  • тәжірибе алмасу және бірлескен клиникалық консультациялар өткізу.

Съезде сөйлеген сөзінде «Bambino Gesù» президенті Тициано Онести келесі өз ой-тұжырымын атап өтті:
«Әрбір бала абыроймен өмір сүруге, назар мен қамқорлыққа лайық. Шынайы денсаулық – бұл тек аурудың болмауы емес, физикалық, психикалық және рухани толыққанды амандық күйі. Денсаулықты ілгерілету – бұл бейбітшілікті ілгерілету».

Ол сондай-ақ UMC мамандарының, әсіресе педиатрия мен әйелдер денсаулығы саласындағы мамандардың жоғары кәсіби деңгейін атап өтті:
«Біз мұнда үлкен адалдық пен кәсібилікті кездестірдік, әсіресе білікті әйел-дәрігерлердің зор үлесін ерекше айтамын. Біз өз тәжірибемізді және жетістіктерімізді барлықтарымен бөлісуге дайынбыз, алмасулар мен бірлескен зерттеулерді құптаймыз», – деп қосты ол.

Кездесуде «Bambino Gesù» гуманитарлық миссиясына ерекше назар аударылды. Атап айтылған гуманитарлық миссиясы «Мьянмадан Газға, Перуден Кот-д’Ивуарға, Ираннан Камбоджаға дейін» халықаралық ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруда.

Астанаға сапар Қазақстан мен Ватикан арасындағы медициналық және гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды. «Bambino Gesù» мен UMC арасындағы ынтымақтастық балалардың құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жаңа бастамалардың негізіне айналады.

Запись на кт/мрт