12-13 маусымда Түркістанда халықаралық қатысумен түркі мемлекеттері кардиологтарының II Құрылтайы және Қазақстан кардиологтарының XVII Конгресі өтті.
Іс-шара Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Қырғызстанның жетекші мамандарын, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Германия, Австралия, Италия сарапшыларын заманауи кардиологияның өзекті мәселелерін талқылау және жүрек ауруларын емдеудегі жаңа тәсілдер мен зерттеулерді ұсыну үшін біріктірді.
UMC мамандары осы іс-шараға ХСН, атеросклероз, дислипопротеинемия, онкологиясы бар пациенттерді емдеу, жедел коронарлық синдром және құрылымдық патологияларды эндоваскулярлық емдеу, сондай-ақ балалар кардиологиясы мен аритмологиясы, ЭхоКГ бойынша бірқатар негізгі секциялар мен отырыстарда модераторлар мен баяндамашылар ретінде белсенді қатысты.
Конгресс барысында бірқатар мамандар «Ақ жүрек» кәсіби марапатына ие болды – бұл мамандыққа адалдықтың және әрбір жүрекке деген жанашырлықтың белгісі. Бұл марапатқа UMC Жүрек Орталығының катетеризация зертханасының меңгерушісі Абдурашид Мұсаев ие болды.
Сондай-ақ, конгресс аясында резиденттер байқауы және жас ғалымдар байқауы өткізілді, оған UMC резиденттері де қатысып, бірінші орынға иеленді. Команда құрамына Жұмажан Алданыш, Алуа Маратова, Әйгерім Маликова, Жандос Мақсұт, Аружан Әбділда кірді. Ал жас ғалымдар байқауында Бауыржан Аипов марапатқа ие болды.
Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!









