UMC Жүрек орталығына Павлодардан жүрек ақауы бар 3 айлық нәресте тікұшақпен шұғыл жеткізілді | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Астана, 2025 жылғы 24 сәуір – Бүгін Астана қаласындағы UMC Жүрек орталығына Павлодардан туа біткен жүрек ақауы бар 3 айлық нәресте шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді. Бала дереу ауруханаға жатқызылып, жедел медициналық көмек көрсетілді.

Нәрестеге қажетті медициналық көмекті ұшу барысында қамтамасыз ету үшін UMC Жүрек орталығының реаниматолог-дәрігері Елдос Жүнүсәлиев арнайы Павлодарға ұшып барып, оны Астанаға дейін ілесіп әкелді.

UMC Жүрек орталығы – балалар арасындағы күрделі туа біткен жүрек ақауларын емдеуге маманданған жетекші кардиохирургиялық мекеме. Орталықтың жоғары білікті мамандар құрамы заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып, жас пациенттердің өмірін құтқару жолында мол тәжірибеге ие.

Бұл жағдай – Жүрек орталығы тарихында пациентті тікұшақпен жеткізудің үшінші оқиға. Мұндай тасымалдау түрі қолайлы метеожағдайларда ғана іске асыру мүмкін . Көп жағдайда пациенттер әуе көлігі – ұшақ арқылы жеткізіледі.

UMC Жүрек орталығы аумағында тікұшақтың қонуына арналған арнайы алаң қарастырылған. Бұл – жедел медициналық көмекті қажет ететін науқастарды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Әсіресе шұғыл жағдайларда, әрбір минут маңызды болған кезде, әуе арқылы тасымалдау – пациентті клиникаға жылдам әрі қауіпсіз жеткізудің жалғыз жолы болып табылады.

Астана мен Павлодар қалаларының медициналық қызметтерінің, сондай-ақ UMC Жүрек орталығы мамандарының үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында нәресте дер кезінде жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алды.

Запись на кт/мрт