UMC мамандары ҚР Ұлттық ғылым академиясымен марапатталды | Корпоративный фонд "University Medical Center"

11 сәуірде Алматыда еліміздегі ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған ауқымды салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында отандық ғалымдардың еңбегін мойындау, олардың зерттеулері мен нәтижелерін  ұсыну, жас ғалымдарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында беделді ғалымдар академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған арнайы төсбелгілермен табысталды. Бұл марапатқа UMC Жүрек Орталығының амбулаториялық қызметінің меңгерушісі Айнұр Тәуекелова және UMC Ана мен бала орталығының клиникалық-генетикалық диагностика бөлімінің меңгерушісі Миргүл Баянова ие болды.

Әріптестерімізді еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Запись на кт/мрт