University Medical Center клиникаларында «Бөбек» II Қазақстандық неонаталдық симпозиумы өтті | Корпоративный фонд "University Medical Center"

13 және 14 наурызда University Medical Center клиникаларында «Бөбек» II Қазақстандық неонаталдық симпозиумы өтті. Іс-шараға 500-ге жуық медицина мамандары, денсаулық сақтау қызметкерлері, неонатологтар, жас мамандар мен профессорлар қатысты. Конференцияның онлайн форматына 1500-ден астам қатысушы қосылды.

Бағдарлама әртүрлі өңірлерден, жақын және алыс шет елдерден келген спикерлер мен сарапшылардың баяндамаларын қамтыды. UMC Ана мен Бала орталығында спикерлер шала туылған нәрестелерді күту, парентеральды тамақтануды тағайындау, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және емдеу, тәжірибеде өзекті терапияларды қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, шеберлік сабақтар  барысында парентеральды тамақтанудың практикалық аспектілері және жаңа туған нәрестелердегі жүректі ультрадыбыстық зерттеудің негізгі дағдылары қарастырылды.

UMC Жүрек Орталығында мейіргер ісінің қызметіне және кішкентай пациенттердің кешенді күтімге ерекше назар аударылды. Мейіргер ісінің мамандары жаңа туған нәрестелерге күтім жасаудың заманауи тәсілдерін, реанимациялық шараларды, жаңа қызметкерлерді бейімдеуді және кәсіби даму мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, конференция аясында дөңгелек үстел өтті, онда инфекциялық бақылау шаралары мен пациенттердегі ауырсыну мен стрессті азайту әдістері талқыланды.

UMC Диагностикалық Орталығында жас ғалымдардың клиникалық кейстері байқауы өтті, онда жас мамандар өздерінің білімдерін, клиникалық ойлауын және күрделі жағдайларды өз тәжірибелерінен жүргізу дағдыларын көрсетті. Байқау ғылыми белсенділікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және неонатология саласындағы перспективалы зерттеушілерді қолдауға бағытталған.

Конференция серіктестеріне неонатологияны қолдағаны және дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз: Novomed, Fresenius Kabi, Takeda, Acino, Дельрус, mindray+gaide, Delta Medical, Unicmed Asia, SunMedica, Baxter, Bbraun, Ферон, Неофарм, Kabrita.

Запись на кт/мрт