Анонс: Операциялық мамандардың V Симпозиумы | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Құрметті әріптестер,

Сіздерді 2025 жылғы 14 ақпанда Астана қаласында өтетін операциялық мамандардың Симпозиумына қатысуға шақырамыз. Жыл сайын Халықаралық операциялық мейіргерлер күніне орайластырылған бұл іс-шара медицина саласындағы мамандар мен сарапшыларды операциялық істің мейіргер мамандарының кәсіби қызметіне қатысты өзекті сұрақтар мен мәселелер талқылау, тәжірибе алмасу, кәсіби білімді арттыру, заманауи жетістіктерді талқылау және сапаны жақсартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу, хирургиялық көмектің қауіпсіздігін арттыру үшін біріктіреді.

Биылғы жылы қатерлі жағдайларда мейірбикелік көмекке, хирургиялық емдеу тәсілдеріне, кәсіби дағдылар мен байланыстарды дамытуға, пациенттерді психоэмоционалды қолдау аспектілеріне ерекше назар аударылатын болады. Сондай-ақ, симпозиум қонақтары практикалық бөлімге және кәсіби дағдылар бойынша шеберлік кластарға қатыса алады.

Күні: 2025 жылғы 14 ақпан, жұма

Мекен-жайы: Астана қ., Тұран 38, UMC Жүрек Орталығы

Басталуы: 11:00 сағ

Формат: офлайн

Қатысуға ниет білдірушілерден сілтеме бойынша тегін тіркелуді сұраймыз https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSefBeuFGeStSzXiVbIQPq5Nz06VznMy7lqMoc679HkdgPHbJw/viewform

Запись на кт/мрт