Юрий Пяға ҚР ғылым академигі атағы берілді | Корпоративный фонд "University Medical Center"

University Medical Center Басқарма Төрағасы Юрий Пяға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі атағы берілді. ҚР Ұлттық ғылым академиясы қоғамның стратегиялық маңызды мәселелеріне зерттеулер жүргізу және шешімдер іздеу, ғылыми бағыттарды дамыту және ғылыми деректер негізінде мемлекеттік саясатты іске асыру үшін елдің жетекші ғалымдарын біріктіреді.

Юрий Пя медицина ғылымдарының докторы, көптеген мемлекеттік сыйлықтар мен жетістіктерге ие, Web of Science және Scopus, ORCID-ке кіретін халықаралық журналдарда 60-тан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, Хирш индексі 17. Юрий Владимирович сонымен қатар халықаралық денсаулық сақтау қауымдастықтары мен ұйымдарының мүшесі, ғылым кандидаттары мен докторларын дайындауда ғылыми кеңесші болып табылады.

Академик атағын беру Юрий Владимировичтің медицина ғылымын дамытуға, отандық ғылыми кадрларды даярлауға, медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді жүргізуге және танымал етуге қосқан елеулі үлесін айғақтайды.

UMC ұжымы атынан Юрий Владимировичті құрметті атақ алуымен құттықтаймыз және кәсіби салада сәттілік тілейміз.

Запись на кт/мрт