Балаларды оңалту ұлттық орталығында балаларды Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар табыс етілді | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2019 жылғы 23 желтоқсанда «UMC» корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлттық орталығында Жаңа жыл мерекесі болып өтті.

Шырша қойылып, мерекеге сай безендірілген Орталыққа кірген сәттен бастап жаңа жылдық көтеріңкі көңіл-күй сезіліп тұрды. Залға жиналған кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналарын Назарбаев Университетінің Атқарушы Вице-президенті Арғын Мықтыбайұлы Қыпшақов пен «UMC» корпоративтік қорының Басқарма Төрағасы Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділов құттықтады. Бүлдіршіндерге Жаңа жыл мерекесіне орай ыстық ықыластары мен ізгі тілектерін жеткізіп, әрқайсына Назарбаев Университеті мен «UMC» корпоративтік қоры атынан «Балалар әлемі» дүкенінен сыйлықтар алуға арналған сертификаттар табыс етті. Мұндай сыйлыққа Жаңа жыл мерекесін Орталықта және Қызылорда филиалында қарсы алатын 350-ден астам бала ие болды.

Орталық қызметкерлерінің күшімен дайындалған «Қызыл телпектің жаңа жылдық хикаялары» атты ертегілік қойылымды балалар қызыға тамашалады. Ертегі кейіпкерінің алты түрлі хикаясы баяндалған көрсетілім барысында балалар олармен бірге ән айтып, Қызыл телпек қыз бен Ақшақардың қарқыр, жалмауыз кемпір сияқты зұлым кейіпкерлермен күресінде жеңіп шығуына көмектесіп отырды.

Мерекелік кеш соң дәстүрге сай шыршаның айналысындағы ән мен биге ұласты.

Запись на кт/мрт