
UMC Қамқоршылар Кеңесі UMC-дің 2024-2028 жылдарға арналған жаңа стратегиялық жоспарын бекітті.
UMC-дің 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспары UMC-дің 2019-2023 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының логикалық жалғасы болып табылады (UMC-ді академиялық медициналық орталыққа айналдыру жоспары). Одан әрі Даму стратегиясы UMC трансформациялау жоспарына негізделген және Назарбаев Университетінің, NU Medicine интеграцияланған академиялық Денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі ретінде UMC дамыту жөніндегі іс-шараларды жалғастыруға бағытталған.
Миссияға, көзқарасқа және құндылықтарға сүйене отырып, UMC медициналық көмек, білім беру және ғылыми зерттеулерде және интеграцияланған академиялық медициналық орталықты құруда керемет нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.
UMC миссиясы
Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында болашақ денсаулық сақтау мамандарын үздіксіз оқыту, әрі үйрету, сондай- ақ емдеудің инновациялық әдістерін зерттей және ойлап таба отыра, пациенттерге қамқорлық көрсету, әрі олардың сауығуларына ықпал ету.
UMC пайымы
UMC – халықтың денсаулығына, әрі денсаулық сақтау жүйесіне төмендегілер арқылы әрекет ететін Қазақстандағы және өңірдегі біріктірілген жетекші академиялық медициналық орталық:
көрнекті медициналық күтімді ұсыну;
көпшілік мойындағын халықаралық бағдарламалардың негізінде денсаулық сақтау мамандарын даярлау;
нәтижелерін тәжірибемен көрсете отыра, алдыңғы қатарлы ғылыми және инновациялық зерттеулерге бастама білдіру және оларға қатысу.
UMC құндылықтары
UMC эмпатияны, сыйластықты, адалдықты, жауапкершілікті, жетілдіруге деген ұмтылысты және қоғамға қызмет етуді өзінің негізгі құндылықтары ретінде айқындап алды.
Қоғамға қызмет ету (People)
Жетілдіруге деген ұмтылыс (Constant Advancement)
Жауапкершілік (Responsibility/Accountability)
Адалдық (Integrity)
Сыйластық (Respect)
Эмпатия (Empathy)
Дамудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері:
- Пациенттердің қажеттіліктеріне назар аудара отыра, медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру
- Денсаулық сақтау мамандарын оқыту және тәжірибеге дайындаудағы сапа мен инновация
- Ғылыми- зерттеу қызметі
- Қаржылық тұрақтылық пен тиімді басқару жүйесін қамтамасыз ету