«UMC» корпоративтік қоры клиникалары, атап айтқанда Балаларды оңалту ұлттық орталығы мен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ем алып жататын балаларға арнап мерекелік шаралар әзірленді. Бүлдіршіндер мен ата-аналарының көңілдерін көтеру үшін жаңа жылдық шырша құрылып, мәжіліс залдары мен холдарда мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Биылғы мерекелік шараның тағы бір ерекшелігі кішкентай пациенттерге жаңа жылдық ертегілер, қойылымдар мен көңілді ойындардан бөлек Назарбаев Университеті мен «UMC» корпоративтік қоры атынан сыйлықтар мен сертификаттар табыс етіледі.
Бұл күндері «UMC» корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлттық орталығында және Қызылорда филиалында 350-ден астам бала, оның ішінде сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндер ем алып, оңалту шараларынан өтіп жатыр. 2019 жылғы 26 желтоқсанда «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында да Назарбаев Университеті мен «UMC» корпоративтік қоры атынан 600-дей баланы, оның ішінде Орталықта ұзақ уақыттан бері обыр ауруымен күресіп жатқан кішкентай науқастарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстау жоспарланып отыр.