
2024 жылдың 13-14 маусымы аралығында Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен Инфекция профилактикасы және инфекциялық бақылау бойынша ұлттық конференция өтті.
Оған UMC Эпидемиялық бақылау департаментінің директоры Анна Гончарова, UMC Мейіргер ісі директоры Гүлнұр Нәдірбекова қатысты.
Қатысушылар Қазақстан Республикасында инфекциялардың профилактикасы мен инфекциялық бақылау жүйесін іске асыруды талқылады, медициналық көмекке байланысты инфекциялардың бір мезгілде таралуын және Қазақстанда микробқа қарсы препараттарды пайдалану бойынша Ұлттық зерттеу нәтижелерін таныстырды.
Ұлттық PPS зерттеуіне (медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың бір мезгілде таралуын зерттеу) қатысқаны үшін UMC-ге алғыс хат табысталды. Инфекциялық бақылау саласында озық тәжірибе мектебі ретінде номинацияға ұсынылды.