UMC-де «ESOR Astana Tutorial» Еуропалық радиологтар мектебі өтті | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2024 жылдың 10-14 маусым аралығында UMC-де «ESOR Astana Tutorial» Еуропалық радиологтар мектебі өтті.

Оған Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен келген 20 радиолог спикер болды. 32 баяндама жасалып, 15 клиникалық жағдай талқыланды.

ESOR Astana Tutorial мақсаты – Орталық Азия анықтамалық орталығында тәжірибе алмасу және қарқынды оқыту арқылы күнделікті радиологиялық жұмыста жас рентгенологтардың, ординаторлардың және сертификатталған рентгенологтардың тәжірибесін кеңейту.

Запись на кт/мрт