UMC Диагностикалық Орталығында жаңа жасуша зертханасы ашылды | Корпоративный фонд "University Medical Center"

UMC Диагностикалық Орталығында “Трансплантаттың ұзақ мерзімді өміршеңдігінің предикторы ретінде трансплантацияланған мүшелерді қабылдамауды инвазивті емес диагностикалау” ғылыми бағдарламасы аясында жаңа жасуша зертханасы ашылды. Зертхана жасушалық зерттеулер мен диагностиканы, сондай-ақ биологиялық материалдарды манипуляциялау үшін құрылған.

Соңғы жабдықтар мен құралдар ластану қаупін азайта отырып, жасушаларды өсіруге, болашақ зерттеулер үшін үлгілерді сақтауға және қауіпсіз жағдайларда ғылыми эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді.

Әріптестерімізді құттықтай отырып, жасуша диагностикасы мен медицинада жаңа әдістер мен технологияларды дамытуда сәттілік тілейміз.

Запись на кт/мрт