
2024 жылдың 1 маусымы күні University Medical Center базасында Республикалық орфандық аурулар орталығы жұмысын бастады. Орталықтың ашылуына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Назарбаев университеті Медицина мектебінің вице-президенті – деканы Массимо Пиньятелли, «UMC» КҚ басқарма төрағасы Юрий Пя, сондай-ақ шақырылған сарапшылар қатысты.
Орталықтың негізгі мақсаты – сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсету, өмір сапасын жақсарту және сирек кездесетін ауруларды емдеудің ұзақ мерзімді нәтижелерін диагностикалау, емдеу және бағалау үшін үйлестіру орталығы болады.
«РОАО құру орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеуге фрагменттік тәсілді жоюға және жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін жақсарту, емдеудің тиімді әдістерін іздеу және диагностика жүйесін әзірлеу бойынша медициналық қоғамдастықтың үйлестірілген күш-жігерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
РОАО ашылуы аясында министр UMC-де ем алып жатқан орфандық ауруға шалдыққан балалармен кездесіп, оларды Балаларды қорғау күнімен құттықтап, тезірек сауығып кетулерін тіледі.