UMC медициналық директоры Бекбай Хайрулинді еске алу | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2024 жылдың 25 наурызында 64 жасқа қараған шағында біздің қымбатты досымыз, әріптесіміз және мейірімді, жанашыр адам, педиатр дәрігер, UMC медициналық директоры Бекбай Еслямұлы Хайрулин ұзақ уақыт бойы аурумен күресіп, көз жұмғанын өкінішпен хабарлаймыз.

Бекбай Еслямұлы әріптестері мен пациенттері арасында ашық мінезді әрі жанашыр қасиеттерімен құрмет пен сүйіспеншілікке ие болды. Бекбай Еслямұлы бүкіл өмірін адамдарға риясыз көмек көрсетуге арнады және өзінің еңбек жолында денсаулық сақтау жүйесін дамытумен қоса көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға үлкен үлесін қосты.

UMC ұжымы атынан орны толмас қайғыға ортақтасып, Бекбай Еслямұлының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.

Запись на кт/мрт