Дүниежүзілік бүйрек күні аясында Назарбаев Университетінің Медицина мектебі және University Medical Center бүйрек денсаулығының маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-ағарту науқанын ұйымдастырады. Іс-шаралар 2024 жылғы 14 және 15 наурызда Астана қаласында өтеді.
Әлемде халық арасында бүйрек ауруларының көбею үрдісі байқалады. Бұл қант диабеті, артериялық гипертензия, семіздік, жүрек-қан тамырлары ауруларының көбеюіне байланысты. Дүниежүзілік бүйрек күні (World Kidney Day) жыл сайын 2006 жылдан бастап наурыздың екінші бейсенбісінде атап өтіледі.
НУ Медицина мектебі және UMC білім беру базасын және Ана мен бала орталығы, Диагностикалық орталық пен Жүрек Орталығы сияқты көп салалы инновациялық клиникаларды қамтиды. Олар аурудың диагностикасынан бастап донорлық бүйрек трансплантациясы кезеңіне дейін ересектер мен балаларға көмек көрсетеді.
Жаһандық науқанға қосыла отырып, 2024 жылғы 14 наурызда сағат 9:00 – 15:00 аралығында UMC клиникалары базасында елорда тұрғындары мен қонақтарын тегін скринингтеу бойынша акциясы өткізілетін болады. Тексеру келушілерге кеңес беруді, қан қысымын өлшеуді, бүйрек қызметін анықтау үшін қан мен зәр анализін алуды қамтиды.
2024 жылғы 15 наурызда НУ Медицина мектебінің ғимаратында сағат 13:00-ден 18:00-ге дейін елорданың медицина мамандары үшін “Барлығына сау бүйрек: медициналық көмекке және оңтайлы дәрі-дәрмек практикасына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету” Конференциясы өтеді.
2024 жылғы 14 наурызда скрининг өткізу орны:
Сығанақ көшесі, 46, Диагностикалық орталығы UMC
Тұран даңғылы 32, Ана мен бала орталығы UMC
Тұран даңғылы 38, Жүрек Орталығы UMC
Қабанбай батыр даңғылы 53, Назарбаев Университеті
2024 жылғы 15 наурызда Конференция өтетін орны:
Астана қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 5/1, Назарбаев Университетінің Медицина мектебі.
Тіркелу сілтеме бойынша: Дүниежүзілік бүйрек күні 2024 (nu.edu.kz)