University Medical Center Қазақстандағы жетекші медициналық ұйымдардың бірі және ел азаматтары мен шетел қонақтарына медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады. 2024 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Ғылыми Кардиохирургия Орталығы University Medical Center клиникаларына қосылды, осылайша дамудың жаңа кезеңіне өтті. Осы интеграция арқасында біздің пациенттер үшін көрсетілетін қызмет мүмкіндіктері кеңейтіледі.
UMC құрамына қазіргі таңда Ана мен Бала орталығы және Диагностика орталығы кіреді. Үш клиниканың бірігуі UMС-ді Орта Азия аумағындағы алғашқы Академиялық Медициналық Орталыққа (АМО) айналдыруды жеделдетеді. АМО – бұл ғылыми-зерттеу, білім беру және клиникалық қызметтердің синергиясы. Осылайша, UMC клиникалары медицинадағы соңғы зерттемелерді жасауға, пациенттерді емдеудің озық әдістерін енгізуге, болашақ мамандарды даярлауға және жергілікті және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналады.
Қордың құрамына кіретін клиникалар ана мен бала денсаулығы, диагностикалық тексеру, интервенциялық кардиология және аритмология, кардиохирургия салаларында медициналық көмек ұсынады. Пациенттерді емдеуде көпсалалы тәсілді қолдану – басты басымдығымыздың бірі, бұл барлығына сапалы медициналық көмектің кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді.