Қосымша білім беру | Корпоративный фонд "University Medical Center"

| ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ

Corem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing
elit Sed do eiusmod tempor incididunt ut labore ef
dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis
nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip
ex ca commodo consequat.

Қосымша білім беру


UMC білім беру қызметтері қосымша білім беру деңгейінде оның орталықтарының базасында, сонымен бірге басқа ұйымдарға шығумен кең ауқымда ұсынылған: қайта даярлау және біліктілігін арттыру циклдары, мастер-класстар, семинарлар, жұмыс орнындағы тағылымдамалар, тренингтер.

Дәрістер ақпараттық –компьютерлік технологияларды пайдаланумен күндізгі (топпен және жеке), күндізгі-қашықтағы, сонымен бірге қашықтағы нысанда жүргізіле алады.

Оқыту хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, онкологиялық, педиатр және терапевтік бейін бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің әртүрлі түрлері бойынша, сонымен бірге нейропсихология, логопедия, түзету педагогикасы және оңалтудың барлық түрлері бойынша денсаулық сақтау жүйесінің медициналық және медициналық емес кадрлары үшін көзделген.

Лекторлары болып әлемнің үздік орталықтары мен клиникаларында оқытудан өткен, жұмыс және оқыту тәжірибесі бар жоғары санаттағы  дәрігерлер, медициналық ғылымдардың докторлары мен кандидаттары, біліктілігін жоғары мамандар табылады.

UMC білім беру қызметтері:

> 200
білім беру іс-шарасы жыл сайын жүргізіледі
> 250
клиникалық мамандар дәрістерді сапалы деңгейде жүргізеді
> 2000
 маман жыл сайын оқиды

Сонымен бірге UMC дәрігерлері зияткерлік меншік нысандары болып табылатын мына авторлық білім беру бағдарламаларының иегерлері болып табылады:

  1. «Әйелдер ауруларын емдеудегі операциялық  гистероскопия» (108 сағат). Авторы: м.ғ.к., Иманқұлова Балкенже Жаркемқызы (бағасы )
  2. «Репродуктивное здоровье и планирование семьи» (54 сағат). Авторы: к.м.н, Иманкулова Балкенже Жаркемовна.
  3.  «Нәрестелерді бастапқы реанимациялау» (24 сағат). Авторы: Әбентаева Ботагөз Әбубакірқызы, Шәріпова Бибігүл Төлегенқызы, Қамзина Әйгерим Бақытбекқызы
  4. «Педиатриядағы «ашық реанимация» бойынша теориялық және практикалық көмек» (40 сағат). Авторы: Сапаров Асхат Ишағалиұлы, Тобылбаева Зәуре Саканқызы
  5. «Онкопсихология. Балалар онкологиясындағы психолог жұмысының мақсаты, міндеті және қағидаттары» (54 сағат). Авторы: Түсіпбаева Ләйлә Қайырланқызы  
  6. «Невролог тәжірибесіндегі бас ауруы және бас айналуы» (54 сағат). Авторы: Дәрібаев Жолтай Рахымбекұлы, м.ғ.к., доцент, МВА
  7. «Жалпы тәжірибе дәрігерлерінің (отбасы дәрігерлерінің) тәжірибесіндегі неврологияның өзекті мәселелері» (54 сағат). Авторы: Дәрібаев Жолтай Рахымбекұлы, м.ғ.к., доцент, МВА
  8. «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін интегративті мультипәнді оңалтудың кешенді инновациялық әдістерін қолдану» (216 сағат). Авторы: Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы
  9. «Эрготерапия – тірек-қимыл аппаратының бұзылулары бар балаларда» (108 сағат) Авторы: Бөлекбаева Шолпан Әділжанқызы, Набина Раиса Әбірқызы  
  10. «Жүктілік және босанудағы іштегі нәрестенің кардиотокографиясындағы инновациялық технологиялар» (54 сағат). Авторы: д.м.н., Қурманғали Жанар Қуанышбайқызы
  11.  «Жатыр миомасы: ескі проблемалар, жаңа шешімдер» (54 сағат). Авторы: Камзаева Нәзира Қалдешқызы

Қашықтықтан оқыту

UMC-де қашықтағы циклдар Moodle электронды оқыту жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол өз бетінше зерделеу және білімін бақылау үшін әртүрлі материалдарды орналастыру мүмкіндігін ұсынады: мәтіндік, аудио және бейнефайлдар, таныстырылымдар және веб-парақтар, тесттер, тапсырмалар, сауалнамалар, сұраулар, форумдар және тағы басқалары.

Қашықтағы циклдарда оқи отырып, Сіз өндірістен қол үзбей, заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен оқу-әдістемелік материалдың толық кешенін ала аласыз.

Қашықтан оқыту артықшылықтары:

  • Оқытудан өтуге шығындарын төмендетеді (пәтерді жалдау, оқыту орнына бару және т.б.);
  • Оқытуға уақытты қысқартады (жиналу, жолдағы уақыт);
  • Өз уақытын, дәрістер орны мен ұзақтығын жоспарлауға мүмкіндік береді;
  • Инновациялық білім беру технологияларын қолдану есебінен оқыту сапасын арттырады.    

Сізге мына қашықтағы циклдарда оқытудан өтуді ұсынамыз (секторлар осында жаңартсын):

  • Перинаталдық күтімді ұйымдастырудағы акушердің рөлі (54 с.)
  • Тиімді перинаталдық күтім (108 с.)
  • Шұғыл дәрігерлік көмек курсы бар жалпы мейірбике технологиялары (108 с.)
  • Жүктілік және гинекологиялық аурулар кезіндегі ЭГП (54 с.)
  • Бала жастағы шұғыл хирургия (108 с.)
  • Нәрестелер хирургиясы (108 с.)
  • Кәсіби ауруларды диагностикалау, емдеу, оңалту және профилактикасының өзекті мәселелері (54 с.)
  •  «Невролог тәжірибесіндегі бас ауруы және бас айналуы» (54 сағат).
  • «Жалпы тәжірибе дәрігерлерінің (отбасы дәрігерлерінің) тәжірибесіндегі неврологияның өзекті мәселелері»
  • «Әйелдер ауруларын емдеудегі операциялық гистероскопия» (108 сағат).

Сонымен бірге Сізбен берілген тақырыптар бойынша қашықтағы циклды ұйымдастыра аламыз.

Тапсырыс беру

Байланыс деректер

Сыздыкова / Syzdykova / Сыздыкова

Алма / Alma / Алма Алибековна / Alibekovna / Алибековна

ДЕПАРТАМЕНТА ОБРАЗОВАНИЯ / DEPARTMENT OF EDUCATION / БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ

ДИРЕКТОР / DIRECTOR / ДИРЕКТОР

/medical-doctor-specialist.svg medical-doctor-specialist.svg г. Астана, ул. Керей Жанибек хандар 5/1 +7 7172 692565 Каждый четверг с 16.00 до 17.30 / Every Thursday from 4.00 p.m to 5.30 p.m / Әр бейсенбі сайын сағат 16.00-ден 17.30-ға дейін

Запись на кт/мрт