XXIV FIGO Бүкіләлемдік конгресі | Корпоративный фонд "University Medical Center"

9-12 қазан күндері Парижде өткен XXIV FIGO бүкіләлемдік конгресіне UMC Ана мен бала орталығының аға ординатор-кеңесшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талшын Үкібасова қатысты.

Конгресте 116 ел мен жүздеген ұйымнан 8 мыңнан астам делегат бас қосты. Онда тек акушерлік және гинекология ғана емес, әйелдер денсаулығы мен өмірін қорғауға қатысты барлық мәселелер бойынша 500-ден астам сарапшы жұмыс істеді.

FIGO әлемнің 132 елін, әлемдегі барлық әйелдердің денсаулығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін миллионға жуық гинекологтар мен акушерлерді біріктіреді.

Запись на кт/мрт