26-28 қазан аралығында University Medical Center-де Ана мен бала орталығы базасында «Акушерлік қан кетудің алдын алудағы аортаның реанимациялық эндоваскулярлық баллонды окклюзиясы» тақырыбында тәлімгерлік шеберлік сыныбы өтті.
Аортаның эндоваскулярлық баллонды окклюзиясы анестезиолог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Оксана Рязанованың қатысуымен University Medical Center-де өткізілді және оны біздің орталықтың мамандары сәтті жүзеге асырды.
Плацентаның төмен орналасуы – ішкі жұтқыншақты ішінара немесе толығымен жабатын, плацентаның жатырдың төменгі бөлігінде орналасу патологиясы. Бұл жүктіліктің ең қауіпті асқынуларының бірі. Ол ананың да, әлі дүниеге келмеген нәрестенің де қан кетуіне және өліміне әкелуі мүмкін. Бұл әдістің мәні мынада: мамандар кесарь тілігіне дейін сан артериясы арқылы баллон катетерін салады, операция кезінде қажетті уақытта оған жел беріп, ісіндіреді, осылайша қан кетудің алдын алады. Бұл дәрігерлерге кесарь тілігін жасауға мүмкіндік береді, демек, ана мен баланың өмірін ғана емес, сондай-ақ пациенттің жатырын да сақтап қалады. Бұл, қажет болған жағдайда, бірнеше бала сүюге мүмкіндік береді.
Операцияны акушер-гинеколог Гаури Бапаева мен интервенционды радиолог Виктор Землянский жасады. Қазіргі уақытта пациент пен баланың жағдайы жақсы. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Ана мен бала орталығы мамандарының жұмысына оларды тәжірибе жүзінде одан әрі пайдалану үшін инновациялық ағза сақтайтын технологиялар үнемі енгізілуде.


