Medinex IV Әзірбайжан Халықаралық медициналық инновациялар көрмесіне қатысу | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2-4 қараша аралығында Баку қаласында «Medinex» IV Әзірбайжан Халықаралық медициналық инновациялар көрмесі өтті. Іс-шараға UMC маркетинг және сату департаментінің менеджері Алия Ержанова және Жүрек Орталығының балалар кардиологы Айкерим Жанатқызы белсенді қатысты. Мамандар балалар мен ересектердегі жүрек-қан тамырлары патологиясын емдеудегі клиникалардың тәжірибесін, пациенттерді диагностикалау мен емдеуде қолданылатын озық технологиялар мен процедураларын, ел азаматтары мен шетелден келген қонақтарға медициналық көмек көрсету орталықтарының басқа да қызметтерін ұсынды.

Іс-шара медицина және денсаулық сақтау саласындағы мамандарды, медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер шығаратын компанияларды, клиникалар мен қауымдастықтардың басшыларын біріктірді. Көрменің алаңында әлемнің 13 елінен 77 компания отандық жетістіктерімен және әзірлемелерімен бөлісті. Бұл тұрақты серіктестермен байланысты қолдаудың да, медициналық туризм шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытудың да кезекті мүмкіндігіне айналды.

Запись на кт/мрт