Халықаралық білім беру симпозиумы | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2023 жылғы 27-28 қазанда Алматы қаласында «Дәрігер және пациент. Тиімді диалог. Бүйрек алмастыру терапиясы» интернет-сайтта тікелей көрсетілген клиникалық жағдайларды талдау форматында халықаралық білім беру симпозиумы өтті. Оған 127 offline (300 оnline) тыңдаушы қатысты.

Мақсаты – медициналық көмектің сапасын жақсарту және тиімділігін арттыру үшін нефрологтар мен диализ мейіргерлерінің білім деңгейін және кәсіби дайындығын арттыру.

UMC-ден Мейіргер ісі жөніндегі директор Нәдірбекова Гүлнұр Ементайқызы қатысты.

«Қазақстан диализ қоғамы» қоғамдық бірлестігі бір ай бұрын эссе жазуға конкурс жариялады. ҚР бойынша 25 дәрігер мен 10 медбике конкурстық іріктеуден өтті. UMC Ана мен бала орталығының нефрология және диализ бөлімінің медбикесі Аина Қалиева «Перитонеальді диализдегі пациентті мейіргерлік бағалау» тақырыбында эссе жазып, байқауда жеңіске жетті. Әріптесімізді құттықтай отырып, жұмысына табыс тілейміз!

Запись на кт/мрт