12-15 қыркүйек аралығында UMC Эпидемиологиялық бақылау департаментінің эпидемиологы Есенова Дана Кайрулаевна Швейцарияның Женева қаласында өткен Профилактика және инфекциялық бақылау халықаралық конференциясына қатысты.
Конференцияға әлемнің 100-ден астам елінен 1200 адам қатысты. Шақырылған спикерлер құрамында АҚШ Профилактика және инфекцияны бақылау орталығы (CDC), Америка эпидемиология қоғамы мен ДДСҰ өкілдері болды.
Конференцияның мақсаты – инфекциялық бақылау және инфекциялардың алдын алу саласындағы өзекті ақпаратты, жаңа зерттеулер мен озық тәжірибелерді жинау және бөлісу.


