БАҚ хабарландыру 26.12.2022 | Корпоративный фонд "University Medical Center"


«University Medical Center» КҚ Баспасөз қызметі (ары қарай – Қор) соңғы уақытта желіде «Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы» КеАҚ (ары қарай – БОҰО) орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы таралып жатқан хабарларда Қордың атауы көрсетілгеніне байланысты, келесі ақпаратты хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы «Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы» КеАҚ құрылуы жайлы» Қаулысы мен Жол картасына сәйкес, 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, «БОҰО» КеАҚ-ның «Назарбаев Университет» АБҰ және «UMC» КҚ қарасты емес.


Қор өз кезегінде уәкілетті тұлғалар мен қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлық пен заңсыз түрде қаржылық пайда сынды өзге де құқықбұзушылық істерді болдырмау бойынша барлық тиісті жұмыстарды өткізетінін атап өткіміз келеді.


Осыған байланысты, 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап масс-медиа кеңістігінде Балаларды оңалтудың ұлттық орталығын Қор құрамында көрсетудің дұрыс еместігін ескеріп, хабар таратқанда бұл мәліметке назар аударуды сұраймыз.


Қор өзіне қарасты медициналық ұйымдар жайлы барлық сұрақтарға жауап беруге әзір.

Туындаған сұрақтар бойынша marketing@umc.org.kz электронды поштасына хабарласуға болады.

Запись на кт/мрт