Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Ашық есік күні | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Бүгін, 2022 жылдың 1 маусымында “University Medical Center” корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында түрлі бейіндегі 15-ке жуық білікті маман 300-ден астам балаға 800-ден астам медициналық қызмет көрсетті.

Өз кезегін күтіп отырған балалардың көңіл-күйін көтеру үшін аниматорлар шақырылды. Сонымен қатар, шеберлердің арнайы ұйымдастырылған бұрышында бұл балалар сурет салып, мүсіндеуді үйренді.

“University Medical Center”корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында стационарлық ем алып жатқан балалар да назардан тыс қалған жоқ.

Запись на кт/мрт