Елімізде лейкоз ауруы балалар арасында дендеп барады | Корпоративный фонд "University Medical Center"



Пресс-релиз

Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 150-ші балаға кемік майын транспланттау отасы жасалды

2021 жылғы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында “UMC” корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында «өткір лейкоз» диагнозы қойылған балаға сүйек кемігін транспланттау отасы жасалды. Бұл – 150-ші балаға жасалған осындай күрделі ота.

Солтүстік Қазақстан облысында тұратын 2008 жылы туған қыз баланың клиникалық диагнозы: өткір миелобластық лейкоз. Ерте оқшауланған рецидив. Ол алғаш рет 2020 жылдың маусымында ауырған. Химиотерапияның толық курсынан өткеннен кейін клиникалық-гематологиялық ремиссия байқалды. Алайда, 2021 жылдың сәуірінде ерте оқшауланған рецидив анықталып, химиотерапияның толық курсынан өтті.

Жақын туыстардың арасында донорлар болмағандықтан, Қазақстан-Ресей тіркеліміне сұрау жіберілді. Нәтижесінде HLA-антигендер жүйесі бойынша толық сәйкес келген Ресейдің Киров қаласынан туыстас емес донор табылды. Науқас екінші клиникалық-гематологиялық ремиссияға шығып, оған аллогендік байланысты емес сүйек кемігін транспланттау жоспарланды.

Гемопоэтикалық бағаналы жасушаларды (сүйек кемігін) донорлау мүлдем қауіпсіз және қан донорымен бірдей екенін атап өткен жөн. Және туыс емес алло гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау (ГДЖТ) Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында бұған дейін де 5 балаға жасалған.

Тағы бір маңызды жәйт – бұл трансплантация Ресейдің Дмитрий Рогачев атындағы Балалар гематологиясы, онкология және иммунология ұлттық медициналық зерттеу орталығының гематолог дәрігері, №2 гемопоэздік бағаналы жасушаларды трансплантациялау бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Николаевич Балашовтың қатысуымен жасалды.

Орталықта бұрын барлығы осындай 149 ота жасалған. Аутологиялық ГДЖТ – дан кейін өмір сүру деңгейі 86,5%, аллогенді туыстас донордан кейін – 80%, туыстас емес донордан кейін 83,3%, гаплоидентті ГДЖТ-дан кейін 42,1% құрады.

Осылайша, отандық дәрігерлер жаңа деңгейге көтеріліп, емдеудің бұл түрін өздері сәтті жасай бастады. Соңғы 10 жылда игерілген ғылыми технологияларды қоса алғандағы емдеудің барлық кезеңдері, зерттеулердің орасан зор кешені, жаңа медициналық препараттар мен терапияның заманауи хаттамалары мемлекеттік бюджет есебінен орындалды. Медицинаның осы саласын дамыту үшін көп күш жұмсалды. Бүгінде ол өз нәтижесін беріп, өткір лейкоздан айыққан балалар саны артып келеді.

Бұл Қазақстандағы балалар гемато-онкологиясы дамуының жаңа перспективаларын айғақтайды. Лейкемиямен ауыратын балаларды құтқаруға деген үміт пен сенімділік сыйлайды. Бүгінде отандық мамандар «Біз лейкозды жеңуге дайынбыз!» деп сеніммен айта алады.

“UMC” КҚ баспасөз қызметі



Запись на кт/мрт