Талдау құны – 4000 тг.
Биоматериал алу құны – 800 тг.
Астана қаласындағы «UMC» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығында коронавирустық инфекция зерттеуіне арналған ПТР зертханасы жұмыс жасайды.
ПТР-тестілеу арқылы адам ағзасында вирустың бар- жоғы анықталады, яғни тест Сіз дәл қазір ауырып жатырсыз ба, әлде жоқ па, соны айқындап береді. Сонымен қатар ол диагнозды зертханалық жағынан растау үшін де қажет.
Егер Сізге анықтама төмендегілер үшін қажет болса,онда
Covid-19- ға ПТР-тестіні тапсыруыңыз қажет:
• ауруханаға жату үшін;
• шетелге сапарға шығу үшін;
•шетелден оралар кезде.
Сондай- ақ инфекцияның бар/ жоғына көзі жету үшін де
жасату керектігі ұсынылады:
• КВИ жұқтырғанмен қарым- қатынастан соң
• қоғамдық орындардағы жұмыстар кезінде
Биоматериал ретінде жұтқыншақтан алынған жағынды қолданылады.
Талдау құны 4000 теңге, материал алу құны 800 теңге. Төлемдер тек жанасусыз тәсілмен (картамен) қабылданады.
ПТР-тестіні тапсыру:
ДС.-ЖА.: 8.00 –ден 16.00- ге дейін
Сенбі.: 8.00- ден 11.00- ге деін
Тестіден өту үшін Сіз биоматериал алатын кабинетке тікелей кезек немесе жазылу бойынша келе аласыз.
Біздің мекенжай:
Астана қ., Сығанақ көш., 46
Басқа пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін биоматериалды алуды жүргізуге бөлек кіреберіс ұйымдастырылған.
Талдау нәтижелері сайтта қолжетімді болады (биоматериалды тапсыру кезінде тіркеу орнынан жеке код аласыз).