«UMC» КҚ Балалар хирургиясы департаментінің клиникалық бөлімшелеріне (хирургия, ортопедия, урология) – консервативтік терапияға- емдеуге жатқызу үшін қажетті зерттеулердің ең аз көлемінің тізбесі | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Құрметті пациенттер! Өтініш, барлық талдаулардың бар екендігін және олардың мерзімдерін тексеріп алыңыздар. Жоғарыдағы көрсетілген тізімдегі қажетті талдаулар болмаған жағдайда СІЗДІ емдеуге жатқызуға ҚАБЫЛДАМАЙДЫ!

 

  1. Құжаттардың тізбесі:

1)    Жеке куәлік (түпнұсқа) / төлқұжат / туу туралы куәлік;

2)    Медициналық ұйымнан емдеуге жатқызуға жолдама;

3)    Емдеуге жатқызу бюросы порталының талоны.

 

  1. Егу күнтізбесіне сәйкес, оның ішінде вирустық гепатиттерге қарсы вакцинациясы көрсетілген егу төлқұжаты: (көшірмесі)

 

  1. Жолдамадағы диагнозды растайтын ең аз зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері бар үзінді көшірме, мерзімі 10 күннен артық емес.

Гемотрансфузия жүргізілген жағдайда үзінді көшірмеге жүргізілген гемотрансфузиялардың тізбесі қоса берілу керек.

Талдау нәтижелерінің жарамдылық мерзімі материалды алған сәттен бастап есептелінеді:

– ҚЖТ талдауы, жарамдылық мерзімі-10 күн;

– НЖТ талдауы, жарамдылық мерзімі-10 күн;

– Гельминт жұмыртқасына нәжіс талдауы, жарамдылық мерзімі-10 күн;

— Патогенді флораға нәжісті бактериологиялық талдау, екі жасқа дейінгі балаларға – талдаудың жарамдылық мерзімі – 10 күн;

— Қанның биохимиялық талдауы (СРН, АЛТ, АСТ, билибурин, несепнәр, креатинин);

– Коагулограмма — Протромбин уақыты, Тромбин уақыты, Фибриноген, БІТУ) – 10 күн;

– Эпидемиологиялық орта туралы анықтама (берілген сәттен бастап 3 күн ішінде жарамды);

– Таспасы бар ЭКГ: ескіру мерзімі 30 күннен артық емес;

 

КҮТІМ ЖАСАУШЫ АДАМДАРҒА (баламен ауруханаға жатқызылған жағдайда):

1) Флюрография, жарамдылық мерзімі – 1 жыл;

2)  Патогендік флораға нәжісті бактериологиялық талдау, жарамдылық мерзімі – 10 күн;

3)  Микрореакцияға қан, жарамдылық мерзімі-10 күн;

4) Егер күтім жасаушы заңды емес өкілдері (ата-аналардың) ауруханаға жатқызылған жағдайда, өзімен бірге нотариалды сенімхаты болуы тиіс.

 

ЖҮКТІ АДАМДАРДЫ КҮТІМ ЖАСАУШЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗУ (баламен ауруханаға жатқызылған жағдайда):

– жүктілік мерзімі-30 аптаға дейін (қоса алғанда);

– ауруханаға жатқызу кезінде өзімен бірге тіркелген жері бойынша емханадан айырбастау картасының (№113 нысан) болуы қажет;

-учаскелік акушер-гинеколог дәрігерінің жүктілікті көтеруге қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытындысы;

 

Жүктілік бойынша барлық скринингтік тексерулер ақылы негізде жүргізіледі.

Запись на кт/мрт