Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png

Ғылым және білім беру

Жалпы мәлімет 

UMC-дің басым стратегиялық бағыты - ғылыми-зерттеу, білім беру және клиникалық қызметтің табысты синергиясын қажет ететін алдыңғы қатарлы білім мен тәжірибе орталығын құру. Ғылыми-зерттеу қызметі академиялық еркіндікті және науқастардың этикалық қағидаттары мен құқықтарын сақтауды ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы күрделі мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты талап етеді. Білім беру қызметі орталықтардың профессорлық-оқытушылық құрамына кәсіптік оқыту және студенттерді оқытуда проблемалық-бағдарлы тәсілдерді қолдану дағдыларын меңгеру бойынша жоғары талаптар қояды. Клиникалық қызмет ең сирек және күрделі аурулар мен жағдайларды диагностикалау және емдеу үшін жоғары білікті клиникалық қызметкерлерді тарта отырып, медициналық қызметтердің кең спектрін ұсыну үшін дағдылар мен ресурстардың болуын талап етеді.

Біз медициналық, білім беру және инновациялық қызметтердің ішкі және сыртқы нарығында бәсекеге қабілетті инновациялық бағыттағы медициналық ұйымбыз.

Назарбаев Университетінің денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесінде қызмет ету ұсынылатын қызметтердің бірегейлігі:

  • Назарбаев Университетінің медицина мектебімен ынтымақтастығы; 
  • "Назарбаев Университеті" ДББҰ-на мақсатты үлес" бағдарламасы шегінде және University Pittsburgh Medical Center-мен (UPMC) стратегиялық әріптестік арқылы UMC орталықтары базасында инновациялық медициналық және медициналық емес технологияларды енгізу; 
  • шетелдік тәлімгерлерді тарту арқылы тәлімгерлік институтын дамыту, сондай-ақ жетекші шетелдік мамандардың қатысуымен мастер-класс ұйымдастыру; 
  • өңірлердегі клиникалық практикаға озық медициналық технологияларды енгізу үшін Қазақстан Республикасының ұйымдары үшін заманауи білім беру нысандары мен технологияларын жүзеге асыру; 
  • UMC базасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын (резидентура) енгізу және т.б. іс-шаралары арқылы қамтамасыз етіледі.

UMC-дің білім беру, ғылыми және инновациялық қызметін үйлестіруді Ғылым және білім департаменті жүзеге асырады.



Білім және ғылым саласындағы Ғылым және білім департаментінің функциялары
  • 024 "Назарбаев Университеті" ДББҰ-ына мақсатты үлес" бюджеттік бағдарламасы бойынша және UPMC-мен стратегиялық серіктестік арқылы семинарлар, мастер-кластар, тәлімгерлік шеңберінде UMC қызметкерлері үшін оқытуды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырысын орындау шеңберінде UMC орталықтары базасында резиденттер үшін оқытуды ұйымдастыру;
  • республика өңірлерінің мамандары үшін біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклдерін ұйымдастыру;
  • UMC-дің ғылыми-инновациялық қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
  • бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру шеңберінде отандық және халықаралық ғылыми және (немесе) инновациялық гранттарды тартуға жәрдемдесу;
  • UMC ғылыми өнімдерін және инновациялық технологияларын енгізу / трансферттеу / коммерцияландыру бойынша жұмысты үйлестіруге қатысу;
  • Ғылыми басқару саласындағы GCP, GcLP, GSP халықаралық стандарттарын оқыту және енгізуді ұйымдастыру және қатысу;
  • UMC орталықтары негізінде ғылыми және практикалық медициналық конференцияларды, оның ішінде халықаралық, ұйымдастыру және т.б.

Ғылым және білім департаментінің құрылымы:

Департамент директоры Сыздыкова Алма Алибековна 8 (717 2) 69 25 65 
Alma.Syzdykova@umc.org.kz
Департамент қызметінің бағыты
Т.АЖ.
Лауазымы
Байланыстар
Технологияларды трансферттеу Сапаргалиева Салтанат Куанышбековна Аға менеджері 8 (717 2) 69 25 72 
Saltanat.Sapargaliyeva@umc.org.kz
Ниязбекова Багдагуль Мухамбетжановна Аға менеджері
8 (717 2) 69 24 52 
Bagdagul.Niyazbekova@umc.org.kz
Бекбосынова Сауле Бейбитовна Аға менеджері
8 (717 2) 69 24 91 
Saule.Bekbosinova@umc.org.kz
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (резидентура) Кульмирзаева Дарияна Муратовна Аға менеджері
8 (717 2) 50 80 06 
Dariyana.Kulmirzayeva@umc.org.kz
Абильдина Акбота Сулеймановна Аға менеджері
8 (717 2) 69 25 26 
Akbota.Abildina@umc.org.kz
Қосымша білім беру (біліктілікті арттыру және қайта даярлау) Джараспаева Жанар Алкеновна Аға менеджері
8 (717 2) 70 45 65 
Zhanar.Jaraspayeva@umc.org.kz
Ғылыми қызмет Ермекбаева Бакытгуль Абкеновна Аға менеджері
8 (717 2) 69 24 71 
Bakytgul.Yermekbayeva@umc.org.kz
Смагулова Индира Еркиновна Менеджері 8 (717 2) 69 25 86 
Indira.Smagulova@umc.org.kz