Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) тіркелген тұрғындарға тәулік бойғы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек. Ол адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтиды.  

МСАК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 Қаулысымен (27.01.2014 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен) бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізімі аясында көрсетіледі.

"UMC" корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығының МСАК орталығы тұрғындарға физикалық, психологиялық және әлеуметтік факторларды есепке ала отырып, ауруларды диагностикалау, емдеу, қалпына келтіру және қолдау терапиясын қамтитын бастапқы медициналық көмек көрсетуге, тұрғындардың нысаналы тобына скринингтік зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ халықты салауатты өмір салтын ұстануға үйретуге маманданады.  

МСАК қызметтерін жалпы тәжірибе дәрігерлері, учаскелік терапевтер, сондай-ақ фельдшерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен мейіргер көрсетеді. Жоғары технологиялық жаңа қондырғылар, тәжірибелі дәрігерлер және науқастардың проблемаларын тұрақты назарда ұстау диагностикадан бастап емдеу шараларын жасауға дейінгі жұмыстардың барлық кезеңінде сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. 

Жетістіктері

ISO 15 189:2012 (зертханалық қызмет) халықаралық стандарттарына сай сертификатқа ие. 

Басты бағыттары

  • Барынша кең тараған аурулар мен жарақаттарды емдеу
  • Маңызды аурулардың медициналық профилактикасы 
  • Тұрғындарды гигиеналық дағдыландыру, отбасын қорғау
  • Қауіпсіз сумен қамтамасыз ету және дұрыс тамақтану бойынша түсіндіру жұмыстары
  • Вакцинация және иммунизация
  • Тұрғындардың нысаналы тобына скринингтік зерттеу жүргізу