Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   instagram_ico_100x100.png
«Лапароскопиялық жүйкені сақтаушы простатэктомия» тақырыбындағы семинар 2018 жылғы 3-7 желтоқсан күндері аралығында «UMC» корпоративтік қорының Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында (бұдан әрі – Орталық) «Лапароскопиялық жүйкені сақтаушы простатэктомия» тақырыбында семинар өтіп жатыр.  
Семинардың менторы – Оңтүстік Кореяның Сувон қаласының Әулие Винсент ауруханасының урология бөлімшесінің меңгерушісі доктор Сенгджу Ли (M.D. PhD Seung-Ju Lee). Ол сонымен қатар, Кореяның Католиктік университетінің Медициналық колледжінің урология профессоры. 300-ден астам ғылыми мақалалардың, кітаптардың, нұсқаулықтар мен емдеу хаттамаларының авторы. 80-нен астам халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасаған. Американың, Еуропаның, Кореяның урологтар қауымдастықтарының мүшесі.  
Семинар аясында Орталықтың жетекші уролог-хирургтарымен бірлесіп, бірқатар операциялар жасауды жоспарлап отыр. Оның ішінде бүйрек обыры, қуықалды безі обыры, гидронефроз және несеп-тас ауруларында атқарылатын лапароскопиялық ретроперитониальды нефрэктомия және бүйрек резекциясы, лапароскопиялық радикальды простатэктомия сияқты күрделі оталар бар.    
Шетелдік сарапшы қуықалды, бүйрек және қуық обырын емдеудің қазіргі заманғы әдіс-тәсілдері, науқастарды әрі қарай оңалту мәселелері бойынша тәжірибелік кеңестер береді.  
Орталықтың уролог-дәрігерлері өз білімдері мен машықтарын тұрақты негізде жетілдіріп отырады. Жыл басынан бері урология бөлімшесінде шетелдерден урология және онкоурология саласының жетекші мамандарын шақырып, 3 шеберлік сабағы өткізілді. Сондай-ақ, диагностика, емдеу және медициналық оңалту бойынша озық тәсілдерді меңгеру үшін шетелдердің ірі клиникаларында барып, тәжірибеден өтіп тұрады.    

Возврат к списку