Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png
2018 жылғы 30 тамызда Астанада «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және «Жұлын хирургтарының Азия-Тынық мұхиты қоғамы» (APSS) бірлесіп ұйымдастырған «APSS арқа оперативтік курсы» шеберлік-сабағы өз жұмысын бастады.  2018 жылғы 30 тамызда Астанада «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және «Жұлын хирургтарының Азия-Тынық мұхиты қоғамы» (APSS) бірлесіп ұйымдастырған «APSS арқа оперативтік курсы» шеберлік-сабағы өз жұмысын бастады.  
Шеберлік сабағы аясында дәрістер, сүйектердің дәлбедерінде тәжірибелік машықтар, залға тікелей көрсетілетін операциялар, Сиванатсан (Малайзия), Куниёши Абуми (Жапония), Хё Кит Вонг (Сингапур), Кейт Дип Кей Лук (Гонконг), Габриэль Луи (Сингапур), Самуяджит Басу (Үндістан) сияқты алыс және жақын шетелдерден келген халықаралық жетекші мамандардың қатысуымен шеберлік-сабақтары ұйымдастырылады.
Шара барысында жұлын хирургиясындағы қазіргі заманғы амал-тәсілдерді қамтып, омыртқа жотасының қисаюын хирургиялық жолмен емдеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Шеберлік сабағының мақсаты - сколиоз, остеохондроз, құяң (радикулит) сияқты омыртқа жотасының түрлі патологиялары бар науқастарды хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін анықтау. Дәрістер кезінде омыртқа жотасы қисайған науқастарға резизиялық хирургия қолдану, операциядан кейінгі асқынулардың болуы ықтималдығын төмендету, омыртқа жотаның туабітті ауыр дерттерін емдеудегі әдіс-амалдар сияқты мәселелер кеңінен талқыға салынады.    
Курсқа қатысушылар үшін өздерін қызықтырған мәселелерді талқылауға, мұндай дерттерді хирургиялық емдеу тәсілдермен танысуға, сондай-ақ шетелдік әріптестерімен өзара тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болады.  
Түрлі мәліметтер бойынша әлемде балалардың 35-40% дейін сколиоз дертінің ушығуы тәуекеліне байланысты дене мүсінінің қисаюынан зардап шексе, 1-2%-ы сколиздың ауыр түріне шалдыққан және қарқынды консервативтік емдеуге және 0,05-0,1%-ы операциямен емдеуге мұқтаж.  
Шараның бас демеушісі - "Johnson&Johnson" компаниясы.

Возврат к списку