Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png
«UMC» корпоративтік қоры мен MVI Medical Center (Израиль) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды  Бүгін, 2018 жылғы 4 шілдеде, Астанада «University Medical Center» корпоративтік қорының («UMC» корпоративтік қоры) Басқарма төрағасы Жақсыбай Жұмаділов пен Израильдің MVI медициналық орталығының (MVI Medical Center) Бас директоры Наталья Хедват Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.      
Аталған меморандум шеңберінде денсаулық сақтау, медицина ғылымы және медициналық туризмді дамыту саласында ынтымақтастықты дамыту қарастырылған. Атап айтқанда, «UMC» корпоративтік қоры мен MVI Medical Center транплантология саласында барынша тиімді әзірлемелерді тәжірибеге енгізуде бірлескен шаралар атқарады. Сонымен қатар, медицина мамандарымен өзара алмасу, шеберлік-сабақтарын,  ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар және трансплантоллогия саласында өзге де іс-шаралар өткізу көзделіп отыр.    
«MVI» медициналық орталығы 10 жылдан астам уақыт бүкіл әлем бойынша пациенттерді емдеу мен ауруларын диагностикалау үшін Израиль медицинасының түрлі салаларының жетекші мамандарын тартумен айналысып келеді.

Возврат к списку