Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png
«UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері Астанадағы «Мамандандырылған балалар үйіне» барды. Бүгін, 2018 жылғы 5 маусымда «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері Астанадағы «Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне барды.
Құрамында терапевт, невролог, реабилитолог, нефролог сияқты білікті мамандар болған дәрігерлер тобы мекеменің қызметімен танысып, ондағы балаларды дәрігерлік тексеруден өткізді. Бұдан былай Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы «Мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мекемесін патронажға алатын болды. Соның аясында дәрігерлер тұрақты негізде балалар үйінде медициналық тексерістер өткізіп, қажет болған жағдайда Орталыққа жатқызып емдейді.        
Аталған жоба «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Өркениет» филиалы бастамашы болған «Мейірім сыйла» әлеуметтік жобасы аясында және Орталықтың кәсіподақтар ұйымының қолдауымен іске асырылды.  

Возврат к списку