Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png
Бүгін «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Халықаралық волонтерлер күніне арналған мерекелік шара болып өтті.     Бүгін «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Халықаралық волонтерлер күніне арналған мерекелік шара болып өтті.    
Іс-шараға ерікті негізде қайырыдылық істермен тұрақты негізде айналысып жүрген волонтерлер, қайырымдылық қорларының өкілдері шақырылды.  
Барлық жиналғандарды «UMC» корпоративтік қорының Басқарма төрағасы Құрманов Алмас Мұхаметкәрімұлы құттықтады. «Қайырымдылық істермен айналысатын азаматтар мен ұйымдар еліміздің әлеуметтік дамуына, азаматтарымыздың өмір сапасын арттыруға елеулі үлес қосып жүргенін айта кету керек. Көптеген қайырымдылық қорлары мен волонтерлер емдеу мекемелерімен, оның ішінде біздің клиникалармен тұрақты ынтамақтастық орнатқан. Және қазақстандықтардың көпшілігі осындай игі істерге белсенді қатыса бастады. Бұл - қуанышты жағдай. Өйткені, қайырымдылық кез-келген қоғамның кемелдігінің белгісі»,-деді.    
Волонтерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдеріне алғыс хаттар, дипломдар мен «Ізгі ықыласты адам» мүсіншесі табыс етілді.  
Шара аясында онкология бөлімшесінде емделіп жатқан 14 жасар пациент дайындаған сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Ол өз топтамаларын бір реттік медициналық арнаулы киімдер мен жаялықтардан, пациенттер мен олардың ата-аналары жасаған қолайлы материалдардан әзірлеген.
Мерекелік жиында балалар өнерлерін көрсетіп, ән салып, би биледі. Балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды. Ал шақырылған клоундар балалар мен қонақтардың көңілдерін көтерді.      
Сондай-ақ, осы күні «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының жаңаша әрленіп, безендірілген Онкология-3 бөлімшесі ашылды. Бұл бөлімшені дизайнерлер тобы өз еріктерімен, қайырымдылық негізде жөндеуден өткізді. Енді бөлімшенің ем-шара бөлмелері, дәліздері емделіп жатқан балаларға қолайлы, көңілді болуы үшін түрлі жануарлармен, әдемі суреттермен безендірілген. Мұндай шаралар науқас балалардың көңілін көтеріп, алып жатқан емінің шипасын арттыра түсері анық.      
Волонтерлер мен қайырымдылық қорларымен осындай бағыттарда ынтымақтастық болашақта да тұрақты негізде іске асырылады.  

Возврат к списку