Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png

Біз туралы

  • Міндеті, пайымдауы, мақсаты
  • Қызметінің қағидаттары
  • Орталықтар және филиалдар
«University Medical Center» корпоративтік қоры  «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің 2015 жылғы  «20» қыркүйектегі № 20 шешіміне сәйкес «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарының базасында құрылған. (www.nmh.kz)
«University Medical Center» корпоративтік қоры жалпы қуаттылығы 1026 стацонарлық төсегі және бір ауысымы 1000 амбулаторлық- емханалық қатынасудан тұратын, құрамында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Балаларды оңалту ұлттық орталығы, Республикалық диагностикалық орталығы, Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы, «University Medical Center» корпоративтік қорының Қызылордалық филиалы бар бес жетекші медициналық орталықты біріктіреді.

Бірыңғай кластерге енгенге дейін барлық бес медициналық ұйым еліміздің өңірлеріне инновация трансферті, жетекші медициналық технологияларды және медициналық көмек сапасы мен қауіпсіздігінің мойындалған халықаралық стандарттарын (Joint Commission International) енгізу бойынша алдарына қойған міндеттерін табыспен орындаған. Бұл ретте, «University Medical Center» корпоративтік қорының коммерциялық емес ұйым түріндегі ұйымдастыру- құқықтық нысаны медициналық ұйымдардың қызметіндегі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруді, сонымен қатар халықаралық гранттарды тарта отыра, ғылыми- зерттеу және білім беру қызметін дамытумен қатар әлеуметтік бағытының маңыздылығына баса мән берді.

Назарбаев Университетінің денсаулық сақтау біріктірілген академиялық жүйесінің бөлігі бола отыра, «University Medical Center» корпоративтік қоры «тәлімгер» шетелдік мамандарды жұмылдырады және өз клиникаларының аумағында медициналық қызметкерлердің бәсекеге қабілетті буынын құру үшін, аурулардың жиі, ауыр және асқынған түрлерін диагностикалау және емдеудің заманауи хаттамаларын әзірлеу үшін, сонымен қатар медициналық көмек сапасын жетілдіру үшін халықаралық шеберлік сыныптарын да ұйымдастырады.

«University Medical Center» корпоративтік қоры Joint Commission International медициналық көмек сапасы мен қауіпсіздігінің халықаралық стандарттары талаптарын сақтау мәселесіне, оның ішінде сапаны тұрақты жетілдіру әдіснамасын пайдалану, әлемнің алдыңғы қатарлы медициналық ұйымдарында медициналық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру, госпиталдық сервис саласында Швейцария тәлімгерлерінің ұсыныстары негізінде медициналық көмек көрсетудің пациент- бағытталған жүйесін енгізу арқылы айрықша көңіл бөледі.

    

Міндеті, пайымдауы, мақсаты

«University Medical Center» корпоративтік қорының міндеті.

«University Medical Center» корпоративтік қоры ғылыми- зерттеу, білім беру және клиникалық қызметтердің синергиясын ескере отырып, жоғары деңгейдегі медициналық көмек көрсетудің академиялық медициналық орталығы болып саналады.

«University Medical Center» корпоративтік қорының басты мақсаты- білім, ғылым және клиникалық тәжірибені біріктіру арқылы қоғам денсаулығын жақсарту.

Пайымдауы

Елімізде және одан тысқары жерлерде ең үздік медициналық көмек көрсетудің жетекші академиялық орталығы ретінде танымалдыққа ие болу.


«University Medical Center» корпоративтік қоры:

·        дәрігер және мейіргер қызметкерлердің бәсекеге қабілетті буынын даярлау;

·        жоғары сапалы және пациентке бағдарланған медициналық көмек көрсету;

·        клиникалық тәжірибедегі жетекші медициналық технологияларды енгізу;

·        денсаулық сақтаудағы корпоративтік басқару саласында үлгі болады.


  Қызметтің қағидаттары

 

«University Medical Center» корпоративтік қоры қызметінің қағидаттары оның міндеттері, пайымдаулары және стратегиясын табыспен жүзеге асыру үшін қажетті қызметкерлер құрамының негізгі ережелері мен мінез- құлық нормаларын белгілейді:


  • пациентке бағдарланған және пациенттер мен олардың отбасы мүшелерінің қажеттіліктеріне құрметпен қарау;
  • жоғары этикалық және моральдық қағидаттарды сақтау;
  • клиникалық тәжірибеге жетекші медициналық технологияларды енгізу;
  • ұйым ресурстарына ұқыпты қарау және лауазымдық міндеттерді атқару кезінде қайсарлық таныту;
  • өзін- өзі дамытуға үнемі (үздіксіз) ұмтылу;
  • дәрігер және мейіргер қызметкерлер құрамының бәсекеге қабілеттігін көтеру.


 
«University Medical Center» корпоративтік қоры Астана қаласында орнадаласқан төмендегі үш инновациялық денсаулық сақтау  нысандарын біріктіреді: 
  •  «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы филиалы   
  • «University Medical Center» корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлтық орталығы филиалы 
  • «University Medical Center» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығы филиалы