Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png

Первый председатель Правления

Қайырбекова Салидат Зекенқызы

Салидат Зекеновна.jpg1961 жылғы 1 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келді.

1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "емдеу ісі" мамандығы бойынша аяқтады.

1984-1998 жылдары - Қарағанды облысының медициналық ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды облыстық көп бейінді емдеу-диагностикалық бірлестігінің бас дәрігерінің орынбасары;

1998-2001 жылдары – Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының № 5 дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының төрайымы; 

2001-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма басшысы, емдеу-профилактикалық департаменті директорының орынбасары, аппарат жетекшісі; 

2004-2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры;

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің бас сарапшысы, әлеуметтік-экономикалық сараптама бөлімінің бас инспекторы, әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі;

В 2009 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі ерен еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасында достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденімен марапатталды;

С 23 апреля 2010 жылғы сәуір - 2010 жылғы қазан – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі;

2010 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі боп тағайындалды. 

Салидат Зекенқызының жетекшілігімен енгізілген Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі республиканың медициналық ұйымдары үшін бәсекелестік ортаны дамытуға ықпал етті. Жекеменшік медицина секторы дами бастады. "Ақша науқаспен бірге жүреді" қағидасы енгізілді. Қазақстанға медицина саласындағы ең озық, инновациялық технологиялар келе бастады. Егер 10 жыл бұрын ғана ашық жүрекке санаулы операциялар жасалса, қазір олардың саны бірнеше ондаған мыңнан асады. Ағзалар мен тіндерді транспланттау сияқты аса маңызды бағыт даму жолына түсті. Қоғамда "денсаулық үшін ортақ жауапкершілік" деген түсініп қалыптасып, азаматтардың денсаулығы үшін сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-әрекет іске асырылды. Адам денсаулығы небәрі 10 пайызға медицинаға, қалғаны адамның өмір сүру салты мен қоршаған ортасына байланысты дегенді шаршамай айтып, салауатты өмір салты қағидаларын үнемі насихаттап жүрді.      

2014 жылғы 6 қазаннан 2015 жылғы 9 қазанға дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі болды. Мемлекеттік органдарда қызмет етіп жүрген жылдары Салидат Зекенқызының тікелей жетекшілігімен көптеген маңызды жүйелі жобалар іске асырылды. Оның ішінде 2011-2015 жылдары аралығында "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылып, оның аясында республиканың денсаулық сақтау жүйесінде ауқымды өзгерістер болды. Отандық медицина барынша бәсекеге қабілетті бола түсті.    

2015 жылғы 13 қазаннан 2016 жылғы 3 шілдеге дейін "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Басқарма төрайымы, "University Medical Center" корпоративтік қорының Басқарма төрайымы қызметтерін атқарды. Салидат Зекенқызының бұл қызметтегі басты мақсаты "University Medical Center" корпоративтік қорының құрамына кірген орталықтар мен филиалдарды Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің ең озық және инновациялық емдеу мекемелерінің қатарына енгізу еді.  

2016 жылғы 3 шілдеде "University Medical Center" корпоративтік қорының тұңғыш жетекшісі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне өлшеусіз үлес қосқан Қайырбекова Салидат Зекенқызы мезгілсіз дүние салды.