Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png

“University Medical Center” корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығы бір ауысымда 500-дей адамды қабылдай алады.

Орталықта ауруларды диагностикалау мен емдеудегі озық технологияларды пайдала отырып, балалар мен ересектерге консультативтік-диагностикалық медициналық көмек көрсетіледі.  

Жетістіктері

ТМД елдері ішінде JCI (Joint Commission International) халықаралық аккредитациялық комиссиясының сертификатын алған алғашқы амбулаториялық медициналық ұйым. 

Зертханалық тексерулердің ауқымы бойынша (500-ден астам) Қазақстандағы ең ірі зертханалық орталық.  

ISO 15 189:2012 (зертханалық қызмет) халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған.  

ПЭТ/КТ және ОФЭКТ қондырғыларымен жабдықталған Қазақстандағы алғашқы медициналық ұйым. 

Қазақстан экономикасы мен денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі, өндірістік қызметте жоғары стандарттарды қалыптастыру, әлеуметтік қорғау және озық технологияларды ендірудегі елеулі үлесі үшін Қазақстан, ТМД және Кеден Одағының көшбасшы кәсіпорындарының ұлттық бизнес-рейтингісінің қорытындысында "Қазақстан көшбасшысы 2013" және "сала көшбасшысы 2015" беделді жүлделерінің иегері.     

Басты бағыттары

46 түрлі мамандықтар бойынша консультация.

Барлық бағыттар бойынша зертханалық диагностика.

Ядролық медицина (ПЭТ/КТ, ОФЭКТ).

Стационарды алмастырушы көмек. («бір күндік хирургия» - офтальмохирургия, ЛОР, жалпы хирургия, маммология, урология, гинекология, проктология).

Сәулелік диагностика (МРТ (3 тесла), КТ және т.б.).

Ультрадыбысты және функционалдық диагностика.

Эндоскопиялық диагностика.

Филиалдары

Астана қ-сы, Алматы ауданы, Байтұрсынов көшесі 3, В1 блок.

Статистика

  • 5 ірі ғылыми жоба іске асырылды.

  • 32 инновациялық технология енгізілді.

  • Бірегей медициналық қызметтер (ПЭТ, ОФЭКТ/КТ) бойынша емделген науқастар саны – 9 353.

  • Жыл сайын 1 млн.-нан астам зертханалық тексерулер жасалады.

Отделения