Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png

“University Medical Center” корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы 500 төсекорынға арналған көп бейінді стационар.

Орталықта педиатрия, балалар хирургиясы, неонатология, акушерлік-гинекология және экстракорпоральды ұрықтандыру салаларында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.  


Жетістіктері

JCI (Joint Commission International) халықаралық аккредитациялық комиссиясының сертификатын алған ТМД елдеріндегі алғашқы ірі көп бейінді стационар.

Қазақстанда алғаш рет балалар арасында бүйрек транплантациясы, гемопоэтикалық дің жасушаларының транплантациясы, бауыр транплантациясы, буынды эндопротездеу, балалар арасында сколиоздан болатын дененің қисаюын хирургиялық жолмен түзету, жаңа туған нәрестелерге перитонеальды диализ жасау сияқты жоғары мамандандырылған хирургиялық операциялар жасалды.     


Басты бағыттар

Тәуекел тобына жататын әйелдерді қоса алғанда жүктілікті қадағалау және күрделі жағдайларда босандыру.  

Неонатальды күтім - салмағы 1000 граммнан төмен шала туылған нәрестелерге күтім жасау.

Балалар арасындағы күрделі соматикалық ауруларды диагностикалау және емдеу.

Генетикалық зертхана - даму барысындағы ерте ақауларды пренатальды диагностикалау және кемік майы жасушаларына цитогенетикалық сараптама жасау.

Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) - жаңа буындағы репродуктивтік қосалқы технологиялардың барлық түрлері. 

Көкірек қуысы, құрсақ қуысы, ішастар арты кеңістігі, бет-жақ, ЛОР органдары, қозғалыс-тірек аппаратына реконструктивтік-пластикалық хирургия. 

Кіші инвазивті хирургия – даму ақытушылықтары және көкірек қуысы, құрсақ қуысы, ішастар арты кеңістігі ауруларында эндовидеохирургиялық операциялар.


Статистика

  • 9 ірі ғылыми жоба іске асырылды.
  • 102 инновациялық технология енгізілді.
  • 1350-ден астам медициналық қызмет көрсетіледі.
  • Жыл сайын 15 000-дай адам жатып, емделеді. 
  • Босанулар саны – 15474.
  • Жасалған ЭКО шаралары – 1605.
  • Әлемнің 10 елінің 15 клиникамен серіктестік.
Бөлімдер