Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта
AA | KZ | RU | EN

       награды      награды Қабылдауға жазылуға
арналған телефондар:

+7 (7172) 70-15-50
+7 (7172) 70-15-70
+7 (7172) 70-20-70
facebookbutton.png   twitterbutton.png
vk_ico_100x100.png   instagram_ico_100x100.png

“University Medical Center” корпоративтік қорының Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы – 306 төсекорынға арналған стационар.

Орталықта психоневрологиялық патологиясы бар балаларға оңалту көмегі көрсетіледі. Науқас балаларды әлеуметтік бейімсізденуге апарып соғатын қозғалыс, психо-эмоционалдық, сөйлеудің бұзылуы сияқты дерттер бойынша кешенді түзету амалдары қолданылады.

Жетістіктері

JCI (Joint Commission International) халықаралық аккредитациялық комиссиясының сертификатын алған әлемдегі тұңғыш балаларды оңалту орталығы.

Науқастарды медициналық оңалту, психологиялық-педагогикалық түзету және әлеуметтік бейімдеуді қамтитын инновациялық технологияларды қолдана отырып, толыққанды оңалту қызметін көрсететін Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі жалғыз орталық.   

"Локомат" (Швейцария) және "Атлант" нейро-ортопедиялық оңалту пневмокостюмін қолдана отырып, инновациялық кинезотерапияны Қазақстанда енгізген алғашқы балалар оңалту орталығы. 

Әлемнің 22 елінің мамандары, жетекшілері мен ғалымдарының қатысуымен Астанада FEMTEC Сумен емдеу және климатпен емдеу бүкіләлемдік федерациясы бас ассамблеясының 67-Конгресін ТМД елдерінде алғашқы боп өткізді.    

Басты бағыттары

Медициналық оңалту.

Психологиялық-педагогикалық түзету.

Әлеуметтік бейімдеу.

Статистика

  • 1 ғылыми жобаны іске асырды.

  • 28 инновациялық технология енгізілді.

  • 683 науқас бірегей әдістермен емделіп шықты.